Күту менен тазалау, 1 есіктің тығыздағышын тазалау, 2 алмалы сырғытпа жолдар және каталитті панельдер – Инструкция по эксплуатации Electrolux EOA3434AAX

Страница 19: Бүйірлік сырғытпа жолдарды алу

Advertising
background image

10. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

Назарыңызда болсын!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

• Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш зат

қосылған жылы суға батырылған жұмсақ

шүберекпен тазалаңыз.

• Металл беттерді тазалау үшін кәдімгі

жуғыш заттарды пайдаланыңыз.

• Тұмшапешті пайдаланып болған сайын ішкі

жағын тазалаңыз. Осылайша ластықты

оңай тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне жол

бермейсіз.

• Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы

пеш тазалағыштармен тазалаңыз.

• Тұмшапештің керек-жарақтарын

пайдаланып болған сайын тазалаңыз және

кептіріңіз. Шүберекті, жылы су мен жуғыш

затты пайдаланыңыз.

• Тұмшапештің керек-жарағына ластық

тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір

қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс

жуғыш машинада жумаңыз. Себебі ластық

жабыспайтын қаптаманы бүлдіруі мүмкін.

Болаттан немесе алюминийден

жасалған құрылғылар:

Тұмшапештің есігін дымқыл жөкемен

ғана тазалаңыз. Жұмсақ шүберекпен

құрғатыңыз.

Жүн мақтаны, қышқылды немесе

жеміргіш материалдарды

пайдаланбаңыз, себебі тұмшапештің

бетіне нұқсан келтіруі мүмкін.

Тұмшапештің басқару панелін де

осындай сақтық шараларды орындап

тазалаңыз.

10.1 Есіктің тығыздағышын тазалау

• Есіктің тығыздағышын уақытылы тексеріңіз.

Есіктің тығыздағышы тұмшапеш

жақтауының айналасында орналасқан.

Есіктің тығыздағышына нұқсан келсе,

құрылғыны пайдаланбаңыз. Қызмет

көрсету орталығына хабарласыңыз.

• Есіктің тығыздағышын тазалау үшін

тазалауға қатысты жалпылама

нұсқауларды қараңыз.

10.2 Алмалы сырғытпа жолдар

және каталитті панельдер

Тұмшапешті тазалау үшін сөре

сырғытпаларын және каталитті панельдерді

алыңыз.

Назарыңызда болсын!

Сөре сырғытпаларын алған кезде

абай болыңыз. Каталитті панельдер

тұмшапештің қабырғасына

жапсырылмаған және сөре

сырғытпаларын алған кезде құлап

қалуы мүмкін.

Назарыңызда болсын!

Күтім көрсету шарасын жасамай

тұрып құрылғының салқын тұрғанына

көз жеткізіңіз. Күйіп қалу қатері бар.

Бүйірлік сырғытпа жолдарды алу

1.

Сөре сырғытпасының алдыңғы жағын

бүйір жақ қабырғадан тартып

шығарыңыз.
Артқы сөре сырғытпаларын және

каталитті панельді екінші қолыңызбен

орындарында ұстаңыз.

ҚАЗАҚ

19

Advertising