Кір жуу кезеңдері – Инструкция по эксплуатации haier HW60-B1086
Страница 62
60
Кір жуу кезеңдері
КІРДІ ДАЙЫНДАУ
— Кірді мата типтеріне (мақта, синтетика, жүн немесе жібек) және кірлену
дәрежесіне қарай іріктеңіз.
— Ашық түсті киімдерді түрлі түсті киімдерден бөлек іріктеңіз. Түрлі түсті
кірден бояу шықпас үшін оларды ақ түсті кірден бөлек жуыңыз. Фабрикалық
жапсырмасында жуу символы 60° С деп көрсетілген мақтадан жасалған
түсті киім бояғыш заттардың ықтимал қалдықтарынан арылу үшін
алғашқы ретте 60° С температурада жуылуы тиіс. Егер бұл кеңеске құлақ
аспасаңыз, бұйымның оңу қаупі ұлғаяды.
— Қалталардан барлық заттарды алып
шығыңыз (кілттер, тиындар және т.б.)
және әшекейлерді (сәнді түйреуіштер)
шешіңіз. Киімді іліп кетпес үшін сы-
дырма ілгекті бекітіңіз. Түсті жаңа киім
оңуы мүмкін, сондықтан оны бірнеше
рет басқа кірден бөлек жуу керек. Киімді
өңін айналдырып салыңыз, бұл қауіпті
және т.б. азайтады. Жуар алдын-
да қалталарды теріс айналдырыңыз
және заттарды қалтасын сыртына
айналдырған күйде жуыңыз.
Назар аударыңыз: Ұсақ заттар (мыса-
лы, түймелер) машинаның бұзылуына
себеп болуы мүмкін, бұл жағдайда ма-
шинаны жөндеу жұмысын пайдаланушы
өзі төлейді.
— Кішігірім заттарды, мысалы, шұлықтар,
белдіктер, кеудешелер және т.с.с. жууға
арналған пакетке салу керек.
— Көлемді кірді, мысалы, ақжаймаларды,
сейсептерді
және
т.б.
аударып
салыңыз.
— Жейдені теріс аударыңыз.