Инструкция по эксплуатации haier HW60-B1086
Страница 42
40
Кепілді қызмет көрсетудің шарттары
және бұйым иесіне арналған ақпарат
Хайер Групп Ко. Лтд-ның ТМД аумағында сату үшін ұсынған барлық өнімдері
пайдалану жағдайларын ескере отырып шығарылған және Мемлекеттік
стандарттарға сай қажетті сертификациялаудан өтті. Бұған көз жеткізу үшін,
осы бұйымның сертификацияланғанын растайтын сәйкестік ресми белгісінің
болуын тексеруіңізді сұраймыз.
Түсінбестік жағдайлардан аулақ болу үшін, сатып алу кезінде пайдалану
жөніндегі нұсқаулықты, кепілдік міндеттемелер шарттарын мұқият оқып
шығуыңызды және кепілдік талонының дұрыс толтырылуын тексеруіңізді
ерекше өтінеміз. Бұған қоса, сіз сатып алған бұйымның сериялық номері мен
моделінің атауы кепілдік талонындағы жазумен сәйкес келуі тиіс. Қандай
да бір өзгертулер, түзетулер енгізуге болмайды. Кепілдік талоны қате
толтырылған немесе толық толтырылмаған жағдайда бірден сатушы ұйымға
хабарласыңыз.
Дайындаушы тұтынушы үшін тегін қызмет көрсетуді тауардың тұтынушыға
берілген күнінен бастап 36 айдың ішінде белгілейді және қамтамасыз етеді,
және тауардың тұтынушыға берілген күнінен бастап 12 ай ағымында кепілді
міндеттемелерді орындайды.
Кепілді қызмет көрсетудің егжей-тегжейлі ақпараты, авторизацияланған
қызмет көрсету орталықтарының байланыс телефондары мен мекенжайла-
ры дүкеннен бұйымды сатып алу кезінде толтырылатын кепілдік талонында
көрсетілген.
«Хайер» корпорациясы тұрмыста қолдануға арналған тұрмыстық техника
бұйымының ресми қызмет ету мерзімін белгілейді – бұйымның шығарылған
күнінен бастап 7 жыл. Өнімнің жоғары сапалылығын, сенімділігі мен қауіпсіздік
дәрежесін ескеретін болсақ, пайдаланудың нақты мерзімі ресми мерзімінен
анағұрлым артық болуы мүмкін. Бұйымның қызмет ету мерзімі біткеннен
соң профилактикалық жұмыстар жүргізу және бұйымды одан ары пайдала-
ну жөнінде кеңес алу үшін «Хайер» корпорациясының Авторизацияланған
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.