64 10. usb-ойнатқыш – Инструкция по эксплуатации haier LEY24T1000HF
Страница 64
64
10. USB-ойнатқыш
Сигнал көзін таңдау түймесін басып, USB дегенін
таңдаңыз, одан кейін USB менюін шақыру үшін ОК
түймесін басыңыз.
USB-құрылғы ұяға енгізілгеніне көз жеткізіңіз.
Таңдауыңызға төрт режим ұсынылады: фотосурет,
музыка, фильм және мәтін. Қажетті режимді
түймелерінің көмегімен таңдап, диск таңдау менюіне
кіру үшін ОК түймесін басыңыз.
Қажетті дискіні таңдау үшін түймелерін
пайдаланыңыз, одан кейін файлдар мен қалталарды
көрсету үшін ОК түймесін басыңыз немесе режим
таңдау менюіне оралыңыз.
немесе түймелерін пайдалану арқылы файл-
ды таңдаңыз, сонда экранда алдын ала қарау терезесі
пайда болады. Таңдалған файлды толық экран
режиміне шығару үшін түймешігін басыңыз. Фото-
суреттер көрсету режимін іске қосу немесе тоқтату
үшін түймесін басыңыз. Файлдармен (фотосурет-
тер, музыкалық файлдар, фильмдер немесе мәтіндік
файлдар) жұмыс істеу барысында басқару панелін ОК
түймешігінің көмегімен шығаруға болады.
Функцияны таңдау үшін түймелерін пайдаланыңыз,
одан кейін таңдауыңызды растау үшін ОК түймесін
басыңыз.
Басқару панелінен шығу үшін түймесін немесе ОРА-
ЛУ түймесін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Аудиожазба немесе бағдарламалар параметрлерін
видеофайлды ойнату барысында Ақпарат менюінде
реттей аласыз.
Басқару панеліндегі Ақпарат (Info) белгішесін таңдап,
ақпараттық МЕНЮ-ді шақыру үшін ОК түймесін
басыңыз.
Файлдарды USB-құрылғыдан ойнату бағдарламасы
келесі фотосурет форматтарын қолдайды:
- JPEG («.jpg» кеңейтімді)
- BMP («.bmp» кеңейтімді)
- PNG («.png» кеңейтімді)
Қолдалатын музыкалық файлдар форматтары:
- MP3 («.mp3» кеңейтімді)
- WAV («.wav» кеңейтімді)
Қолдалатын мәтіндік файлдар форматтары:
-TXT («.txt» кеңейтімді)
Қолдалатын видео форматтар:
- AVI («.avi» кеңейтімді)
- TS (MPEG2 & H.264)