Инструкция по эксплуатации Zanussi ZCV662MW

Страница 6

Advertising
background image

• Құрылғыны жөндеу алдында электр

желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.

• Құрылғының салқын тұрғанына көз

жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.

• Есіктің шыныларына зақым келсе дереу

ауыстырыңыз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.

• Құрылғының есігін алған кезде абай

болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!

• Құрылғының қаптамасының сапасы

түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.

• Құрылғының ішінде қалған майдың

немесе тағамның қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.

• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен

тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш
заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді
немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.

• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның

орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.

• Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар

болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.

Ішкі жарық шамы
• Осы құрылғыда тұрмыстық

құрылғыларға ғана арналған жарықтама

шам немесе галоген шамы қолданылған.
Оны бөлмені жарықтандыру үшін
қолданбаңыз.

Назарыңызда болсын! Электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.

• Шамды ауыстырар алдында құрылғыны

тоқтан ажыратыңыз.

• Техникалық параметрлері сай келетін

шамдарды ғана қолданыңыз.

Қызмет көрсету
• Құрылғыны жөндету үшін

тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз. Фирмалық
қосалқы бөлшектерді ғана қолдануды
ұсынамыз.

Құрылғыны тастау

Назарыңызда болсын! Жарақат алу
немесе тұншығып қалу қаупі бар.

• Құрылғыны электр желісінен

ажыратыңыз.

• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа

тастаңыз.

• Балалар мен жануарлар құрылғыға

қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.

6

www.zanussi.com

Advertising