Еуропалық кепілдік – Инструкция по эксплуатации Electrolux EMS21400S

Страница 105

Advertising
background image

22 EMS21400 KK

Еуропалық кепілдік

Бұл құрылғыға төмендегі тізімде
көрсетілген елдің əрбірінде,
құрылғы кепілдігінде көрсетілген
жарамдылық мерзімі аяқталғанша
немесе заңды түрде Electrolux
кепілдігі беріледі. Егер төмендегі
тізімде көрсетілген бір елден, осы
тізімдегі екінші бір елге қоныс
аударсаңыз, құрылғы кепілдігі де
сізбен бірге төмендегі шарттар
орындалған жағдайда орын
ауыстырады: -

Құрылғының кепілдігі, оны
алғаш сатып
алғандығыңыздың кепілі
болып табылатын, құрылғыны
сатушы сізге табыстаған
жарамды сату құжатының
негізінде құрылғыны сатып
алған күннен басталады.

Құрылғы кепілдігі, өзіңіз
резидент болып табылатын
жаңа елдегі осы тəрізді
бұйым түрлеріне не дəл
осындай құрылғы үлгісіне
берілетін кепілдік уақытына,
қызмет пен бөлшектерге

берілетін кепілдікке сай
беріледі.

Құрылғының кепілдігі
бұйымды бастапқы сатып
алушының жеке басына
берілетіндіктен басқа
пайдаланушыға табыс
етілмейді.

Құрылғы Electrolux
компаниясы шығарған
нұсқауларға сай орнатылуға
жəне коммерциялық мақсатта
емес тек тұрмыста ғана
пайдаланылуға тиіс.

Құрылғы өзіңіз резидент
болып табылатын жаңа елде
өз күшіне ие барлық тиісті
ережелерге сай орнатылуға
тиіс.


Бұл Еуропалық кепілдіктің
шарттары, сіздің заңды
құқықтарыңыздың бір де біреуіне
нұқсан келтірмейді.

Advertising