Инструкция по эксплуатации Electrolux EMS21400S

Страница 101

Advertising
background image

18 EMS21400 KK

Пештің іші мен бұрылмалы табақ

аса қызып кетеді; сондықтан,
оларды қолданып болған соң дереу
ұстамаңыз.



Пештің ішін тазалау

Пештің ішін əрқашан да таза
ұстаңыз. Шашыраған немесе
төгілген тағамды дереу сүртіп
алыңыз. Пештің қабырғаларында,
есік тығыздағышы мен есіктің үстіңгі
қабатында қатып қалған қалдықтар
микротолқын қуатын сіңіріп, пеш
жұмысының өнімділігін төмендетеді
жəне пештің ішкі жабдықтарына да
нұқсан келтіруі мүмкін. Пеш
табанындағы қалдықтарды жұмсақ,
сұйық тазартқыш зат пен жылы суға
матырылған таза əрі жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Пештің
жан-жағын тек жұмсақ дымқыл
шүберекпен сүртіңіз, желдеткіш
саңылаулардың маңына ешбір
сұйық зат тигізуге болмайды.

Микротолқынды пештің кез келген

бөлшектерін жеміргіш заттармен,
сатудағы пеш тазалағыштармен не
болат жөкемен тазаламаңыз.


Қатып қалған қалдықтарды жібіту

үшін шараға құйылған суды
микротолқынды пештің ішіне қойып,
2-3 минуттай қайнатыңыз.


Пештің қабырғасына жабысып

қалған қалдықтарды ешқашан
пышақ не басқа құралдармен қырып
алуға əрекеттенбеңіз.


Пештің ішіндегі иісті кетіру үшін

бір шыныаяқ суға 2 ас қасық лимон
шырынын қосып, 5 минуттай
қайнатыңыз.

Есік тығыздағыштарын тазалау

Шашыраған немесе төгілген
тағамды дереу сүртіп алыңыз. Есік
тығыздағышына жабысып қалған
қалдықтар микротолқын қуатын
сіңіріп, пеш жұмысының өнімділігін
төмендетеді жəне пештің ішкі
жабдықтарына да нұқсан келтіруі
мүмкін. Есік тығыздағышындағы
қалдықтарды жұмсақ, сұйық
тазартқыш зат пен жылы суға
матырылған таза əрі жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.




Пештің сыртын тазалау

Басқару панелін тазалаған кезде
пештің есігін ашып қойыңыз. Бұл
пештің кездейсоқ іске қосылып
кетуіне жол бермейді. Пештің
сыртқы беттерін жұмсақ сұйық
тазартқыш зат қосылған жылы
сумен жуыңыз да, тазартқыш
заттың қалдығын таза сумен шайып
сүртіңіз. Жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.

Advertising