Бағдарлама нұсқаулығы, Бейнебет, Start түймешігі – Инструкция по эксплуатации AEG FAVORIT 55002 I RU

Страница 54: Delay түймешігі, Multitab түймешігі, Бағдарлама тетігі, Параметрлерді орнату режимі

Advertising
background image

Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін он минут өткеннен кейін, AUTO OFF функциясы

құрылғыны автоматты түрде сөндіреді. Бұл электр қуатын аз тұтынуға көмектеседі.

Бағдарлама нұсқаулығы

Бұл нұсқаулық жуу бағдарламасын таңдауға көмектеседі.

Бейнебет

Бейнебетте төмендегілер көрсетіледі:

• Су жұмсартқыштың электрондық тәсілмен бапталған деңгейі

• Шайғыш зат үлестіргішін қосу және сөндіру (тек multitab функциясы қосулы тұрғанда

ғана)

• Жуу бағдарламасының уақыты

• Жуу бағдарламасы аяқталғанға дейін қалған уақыт

• Жуу бағдарламасының аяқталуы (бейнебетте нөл көрсетіледі)

• Кешіктіріп бастау параметрінің кері санағы

• Ескерту кодтары.

Start түймешігі

Бастау үшін осы түймешікті басыңыз:

• Жуу бағдарламасы
• Кешіктіріп бастау параметрінің кері санағы.

Delay түймешігі

Жуу бағдарламасын 1-ден 24 сағатқа дейін кешіктіріп бастау үшін осы түймешікті қайта-

қайта басыңыз.

Multitab түймешігі

Multitab функциясын қосу немесе сөндіру үшін осы түймешікті басыңыз ('Multitab

функциясы' тарауын қараңыз).

Бағдарлама тетігі

Жуу бағдарламасын орнату үшін, тетіктегі көрсеткішті жуу бағдарламасына келтіріп

қойыңыз. 'Жуу бағдарламалары' тарауын қараңыз.
Құрылғыны іске қосқан кезде, бағдарлама тетігі соңғы орнатылған жуу

бағдарламасына келіп тұрады.

Параметрлерді орнату режимі

Мына әрекеттерді орындау үшін құрылғы параметрлерді орнату режимінде тұруға тиіс:

• Жуу бағдарламасын орнату үшін.

• Кешіктіріп бастау функциясын орнату үшін.
• Су жұмсартқыштың деңгейін электрондық тәсілмен баптау үшін.

• Шайғыш зат үлестіргішті қосу не өшіру (тек multitab функциясы қосулы тұрғанда

ғана) үшін.

54

Басқару панелі

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: