Күту менен тазалау, Орнату, Мұздап қалуға қарсы сақтық шаралары – Инструкция по эксплуатации AEG FAVORIT 55002 I RU

Страница 49

Advertising
background image

• Ыдыс жуғыш машинаға арналған арнайы құралдарды (жуғыш зат, тұз, шайғыш зат)

ғана қолданыңыз.

• Ыдыс жуғыш машинаға арналмаған тұздар су жұмсартқышқа нұқсан келтіруі мүмкін.

• Тұзды ыдыс жуғыш машинаға жуу бағдарламасын бастамай тұрып салыңыз.

Құрылғыда қалған қалдық тұз құрылғыны тоттандыруы немесе табанын ойып

жіберуі мүмкін.

• Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан басқа бөгде зат (мысалы, ыдыс жуғыш

машинаны тазартқыш, сұйық тазартқыш) салмаңыз. Бұл құрылғыны бүлдіруі мүмкін.

• Жуу бағдарламасын бастамай тұрып, бүріккіш түтіктердің еркін айнала алатынына

көз жеткізіңіз.

• Жуу бағдарламасы орындалып тұрғанда құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу шығып

кетуі мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар.

• Ыдыстарды жуу бағдарламасы аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз.

Күту менен тазалау

• Құрылғыны тазалар алдында, оны сөндіріңіз де, ашаны розеткадан алыңыз.
• Тұтанғыш заттар немесе тот бастыратын заттарды қолданбаңыз.

• Құрылғыны сүзгілерін салмай іске қосуға болмайды. Сүзгілердің дұрыс

орнатылғанына көз жеткізіңіз. Теріс орнатылса ыдыс-аяқтарды жуу нәтижесі

қанағаттанғысыз болып, құрылғы бүлініп қалуы мүмкін.

• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді немесе буды қолданбаңыз. Электр қатері

орын алуы және құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.

Орнату

• Құрылғының еш жерінің бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген құрылғыны

орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз, сатушыға хабарласыңыз.

• Құрылғыны орнатып іске қосар алдында орам материалдарының барлығын алыңыз.

• Электр қосылымына, құбыр жүйесіне, құрылғыны орнатуға қатысты жұмыстарды тек

білікті маман іске асыруға тиіс. Бұл құрылғының құрылымына немесе адамға зақым

келмес үшін қажет.

• Құрылғыны орнату барысында оның ашасының розеткадан ағытылғанына көз

жеткізіңіз.

• Құрылғының қабырғаларын, оның гидравликалық немесе электрлік бөлшектерін

бүлдіріп алмас үшін бұрғылап теспеңіз.

• Маңызды! Құрылғымен бірге келген парақтағы нұсқауларды орындаңыз:

– Құрылғыны орнату.

– Есік панелін құрастыру.

– Сумен жабдықтау және су төгу жүйелеріне қосу.

• Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған конструкциялардың қауіпсіз болуын

қамтамасыз етіңіз.

Мұздап қалуға қарсы сақтық шаралары

• Құрылғыны температурасы 0 °C градустан төмен жерге орнатпаңыз.

• Мұз қату салдарынан болған ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді.

Қауіпсіздік туралы мағлұматтар

49

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: