Техникалық күтім және қызмет – Инструкция по эксплуатации Bosch PSR 960
Страница 38
38 | Қaзақша
1 609 92A 06B | (26.3.13)
Bosch Power Tools
Сол жаққа айналу бағыты: шуруптарды босату немесе
бұрап алу үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын
9 оңға тірелгенше басыңыз.
Айналдыру моментін орнату
Айналдыру моментін орнату сақинасының 4 көмегімен 5
деңгей ішінен қажет айналдыру моментін таңдауға
болады. Дұрыс орнатқанда жұмыс құралы шуруп
материалмен біртегіс бұрап бекітіле сала немесе
орнатылған айналдыру моментіне жете сала тоқтайды.
Шуруптарды бұрап алу кезінде жоғарырақ параметрді
таңдаңыз немесе қажет болса „Бұрғылау“ таңбасына
орнатыңыз.
Қосу/өшіру
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 8 басып
тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 8
жіберіңіз.
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті 8 басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті 8 жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
артқанда айналымдар саны артады.
Жүріс тежегіші
Қосқышты/өшіргішті 8 жібергенде, бұрғылау патроны
тежеледі және осылай жұмыс құралының жүрісі
тоқтатылады.
Шуруптарды бұрап бекіткенде қосқышты/өшіргішті 8
шуруп дайындамаға біртегіс бұрап бекітілгенде ғана
жіберіңіз. Бұл жағдайда шуруптың басы дайындамаға
тартылмайды.
Пайдалану нұсқаулары
Электр құралды шурупқа тек өшірілген күйде
қойыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып
кетуі мүмкін.
Электр құралмен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату
үшін 3 минутқа ең жоғары айналымдар санына қосу керек.
Металда тесіктер жасау үшін жоғары сапалы, тез кесетін
болаттан жасалған мүлтіксіз, өткірленген бұрғыларды
пайдаланыңыз. Тиісті сапаға Bosch керек-жарақтары
бағдарламасы кепілдік береді.
Үлкен шуруптарды қатты материалдарға бұрап бекіту
алдында шуруптардың ұзындығының шамамен
2
/
3
ішкі
ирек ойма диаметріне сәйкес келетін диаметрі бар тесікті
алдын ала бұрғылау керек.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Жасап шығару және бақылау әдістерінің мұқияттылығына
қарамастан электр құрал жұмыс істемесе, Bosch электр
құралдарының өкілетті сервистік орталықтарының
біреуінде жөндеу өткізу керек.
Барлық сұраулар мен қосалқы бөлшектерге тапсырыс
беру кезінде міндетті түрде электр құрал зауыттық
тақтайшасындағы 10-орынды өнім нөмірін жазыңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош“
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
ЖШС „Роберт Бош“
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы
Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек данғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: [email protected]
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz
Кәдеге жарату
Электр құралдарды, аккумуляторларды, керек-
жарақтарды және орау материалдарын
экологиялық тұрғыдан дұрыс утилизациялауға
тапсыру керек.
Электр құралдарды және аккумуляторларды/
батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!
OBJ_BUCH-600-005.book Page 38 Tuesday, March 26, 2013 5:12 PM