Шаңсорғышты іске қосу, Робот шаңсорғышты орнату – Инструкция по эксплуатации Samsung SR8895

Страница 116

Advertising
background image

20_

Шаңсорғышты іске қосу

Шаңсорғышты іске қосу

ОРНАТУ РЕТІ

1. Қуат тетігін қосу немесе сөндіру
Робот шаңсорғышты қолдану үшін, құрылғының астындағы Қуат тетігін қосу керек.
2. Зарядтағышты орнату
Робот шаңсорғышты зарядтау үшін, әуелі зарядағышты орнату

керек. Құрылғыны сатып алған кезде батареяның заряды таусылып
тұратындықтан, оны қолданар алдында батареяны толық зарядтау керек.

3. Батареяны зарядтау
Робот шаңсорғышты қолданар алдында, батареяны толық

зарядтау керек.

4. Уақытты орнату
Бағдарламаланған және күнделікті тазалау режимдерін қолдану

үшін уақытты орнату қажет.

5. ВИРТУАЛДЫ ЕСІКТІ орнату
Робот шаңсорғышқа Қоршау (виртуалды қабырға) режимін қолданып белгілі бір

жерді ғана тазалатуыңызға немесе Есік (виртуалды есік) режимін қолданып бірнеше
жерді бірінен кейін бірін тазалатуыңызға болады.

6. Сүрткішті тағу
Сүрткішті робот шаңсорғыштың астыңғы жағына тағыңыз.

РОБОТ ШАҢСОРҒЫШТЫ ОРНАТУ

ҚУАТ ТЕТІГІН ҚОСУ НЕМЕСЕ СӨНДІРУ

Егер Қуат тетігі сөндіріліп тұрса, робот шаңсорғыш тіптен зарядтағыштың
үстінде тұрса да зарядталмайды.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

Робот шаңсорғышты қолдану үшін міндетті түрде Қуат
тетігін қосуыңыз керек.
Егер Қуат тетігін сөндірсеңіз, барлық параметрлер
бастапқы қалпына келеді.

1. Құрылғыны айналдырып, Қуат тетігін қосыңыз.
- Егер белгілер жанбаса, бұл батарея зарядының

таусылып қалғанын көрсетеді. Бұндай жағдайда,
Қуат тетігін қосқаннан кейін робот шаңсорғышты
зарядтағышқа қойыңыз.

- Орнаған уақыт ағымдық уақыттан басқа болуы

мүмкін. Орнаған уақыт теріс болса, ағымдық уақытты
орнатыңыз.

Тоққа қосқаннан кейін шамамен 5 минут ішінде
ешбір түймешік басылмаса, батарея отырып қалмас үшін қуат автоматты
түрде өшеді. Қуат көзіне қайта қосу үшін корпустың немесе қашықтан
басқару пультінің қуат (Қосу/Тоқтату) түймешігін шамалы уақыт басып ұстап
тұрыңыз.

Advertising