Шаңсорғышты құрастыру, Әр бөліктің атауы – Инструкция по эксплуатации Samsung SR8895

Страница 115

Advertising
background image

Шаңсорғышты құрастыру _19

Шаңсорғышты құрастыру

02
ШАҢСОРҒЫШТЫ

ҚҰРАСТЫРУ

ӘР БӨЛІКТІҢ АТАУЫ

БЕЙНЕБЕТ БӨЛІГІ

1. Сандар бейнебеті

- Таймер бейнебетін, үрдіс қалып-күйін, қате кодтарын сандар мен қаріптер, графикалық элементтер арқылы көрсетеді.

2. Батарея деңгейінің индикаторы

- Зарядтау : Зарядтау үрдісін 3 қадам бойынша көрсетеді.
- Қолдану барысында : Батарея зарядының деңгейін көрсетеді. Батарея зарядының деңгейі, құрылғы жұмыс

жасаған кезде ТОЛЫҚ деңгейден, деңгей санап төмендей бастайды. (Батарея заряды
әбден таусылған кезде, бір деңгей жыпылықтайды да, “LO” көрсетіледі.)

3. Бағдарламаланған тазалау

- Тазалауды бағдарламалаған кезде Бағдарламаланған тазалау белгісі жанады.

4. Күнделікті

- Күнделікті тазалауды бағдарламалаған кезде, Күнделікті белгісі жанады.

5. Қайта зарядтау

- Бұл белгі робот шаңсорғыш батареясын зарядтау үшін зарядтағышқа қайтқан кезде жанады.

6. Тазалау режимі бейнебеті

- Тазалау режимі түймешігі басылған сайын, тиісті тазалау режимі көрсетіледі.
(a) Автоматты режим : Бұл белгі Автоматты тазалау режимі таңдалған кезде жанады.
(b) Іріктеп тазалау режимі : Бұл белгі Іріктеп тазалау режимі таңдалған кезде жанады.
(c) Ауқымды тазалау режимі : Бұл белгі Ауқымды тазалау режимі таңдалған кезде жанады.
(d) Қолмен тазалау режимі : Бұл белгі Қолмен тазалау режимі таңдалған кезде жанады.

ТҮЙМЕШІКТЕР

7. Бастау/Тоқтату

- Тазалау жұмысын бастау/тоқтату үшін басыңыз.

8. Тазалау режимі

- Тазалау режимін таңдау үшін басыңыз. Тазалау режимін таңдағаннан кейін, тазалай бастау үшін (

) түймешігін басыңыз.

9. Таймер/Күнделікті

- Бағдарламаланған немесе күнделікті тазалау режимін орнату үшін басыңыз.

10. Қайта зарядтау

- Бұл түймешік басылған кезде, Қайта зарядтау белгісі жанады да, робот шаңсорғыш батареясын зарядтау

үшін зарядтағышқа барады.

[ Қалып-күй бейнебеті]

Advertising