Тұмшапеш - керек-жарақтарды қолдану – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZCG562MW

Страница 11

Advertising
background image

температура басқару тетігін Off
қалпына қойыңыз.

Қауіпсіздік терморелесі
Бұл пеш(дұрыс пайдаланбау не
элементтерінің бірінің ақаулығына
байланысты)шамадан тыс қызып кету

тəрізді қатерлі жағдайдың алдын алу үшін
қуатты үзіп тастайтын қауіпсіздік
терморелесімен жабдықталған.
Температурасы төмендеген кезде пеш
автоматты түрде қайта қосылады.

Тұмшапеш функциялары

Пеш функциялары

Қолданыс аясы

Off (сөндірулі) қалпы

Құрылғы сөндірулі.

Дəстүрлі пісіру

Тұмшапештің бір деңгейінде пісіру жəне қуыру үшін.
Үстіңгі жəне астыңғы қыздыру элементтері бір уақытта
жұмыс істейді.

Бүтін қақтама

Жалпақ етіп дайындалған тағамдардан көп мөлшерде
гриль дайындауға арналған. Тост жасауға арналған.
Бүтін қақтама элементі жұмыс істейді. Бұл
функцияға арналған ең үлкен температура: 210 °C.

Астыңғы қыздырғыш элемент

Торттардың астыңғы жағын күртілдек немесе
қытырлақ етіп пісіру үшін. Астыңғы қыздыру элементі
ғана жұмыс істейді.

Желдеткіш арқылы пісіру

Бірнеше сөрені пайдаланып, бірдей температурада
пісірілетін тағамдарды иістерін бір-біріне сіңірмей
қуыруға немесе пісіруге арналған.

Пицца, үнемді

Пицца, киш немесе бəліш пісіруге арналған. Гриль
жəне астыңғы қыздырғыш элемент қызуды тура
бағыттап жібереді жəне желдеткіш ыстық ауаны
пиццаның толтырмасын немесе бəліштің
толтырмасын пісіру үшін айналдырып тұрады. Бұл
функцияға арналған ең үлкен температура: 210 °C.

Таймер - Минут операторы
Кері санақ уақытын орнату үшін
қолданыңыз.
Əуелі таймер тетігін ("Құрылғының
сипаттамасы" тарауын қараңыз) сағат
тілінің бағытымен шегіне дейін бұраңыз.

Содан кейін сағат тілінің бағытына қарсы
бұрап қажетті уақытқа қойыңыз. Уақыт
біткен кезде дыбыстық сигнал қосылады.
Бұл функция тұмшапештің қызметіне
ешбір əсер етпейді.
.

Тұмшапеш - Керек-жарақтарды қолдану

Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
тарауларын қараңыз.

Пісірме табақты салу
Табақты тұмшапештің ішінің ортаңғы
жағына, алдыңғы жəне артқы қабырғаның
ортасына қойыңыз. Бұл қызу пісірме
табақтың алдыңғы жəне артқы жағында

айналуына мүмкіндік береді. Табақты
суретте көрсетілгендей, қисық жағын артқа
қаратып салыңыз.

11

www.zanussi.com

Advertising