7d - күту жəне қызмет ету, Күту жəне қызмет ету – Инструкция по эксплуатации Panasonic MC-CG 677 SR79

Страница 7

Advertising
background image

7

D - КҮТУ ЖƏНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ

Шаң қапшығын ауыстыру индикаторы
Қуат реттеуішін MAX позициясына қойып, саптаманы

еденнен көтеріңіз. Егер шаң датчиктерінің индикаторы

қызыл түспен жанса, онда шаң қапшығының толғаны,

демек оны ауыстыру қажет.

ЕСКЕРТПЕ: Егер шаң қапшығы дұрыс орнатылмаса

қақпақ жабылмайды. Пайдалану алдында

шаң қапшығының дұрыс орнатылғанына көз

жеткізіңіз. Болмаса шаңсорғыштан сыртқа

шаң шығады. Шаң қалтасы шаңжиғыш

қақпасының тығындағышына немесе қапшық

манжеті мен корпус арасындағы қамытқа

оңай жайғаса алады, сондықтан оны міндетті

түрде шаңсорғыш корпусының ішіне қарай

тартыңыз.

Шаң қапшығын ауыстыру
D-1

Шаңжиғыштың қақпағын ілгіштің «сырт» еткен

дыбысы шығып, қажетті деңгейде бекітілгенінше

көтеріңіз.

D-2

Шаң қапшығының манжетін ұстағыштан

босатып, шаң қапшығын шығарып алыңыз.

D-3

Шаң қапшығының жаңасын орнатыңыз.

D-4

Шаңжиғыштың қақпағын дұрыстап жабыңыз,

«сырт» еткен дыбыс естіледі.

Турбо-щетка
D-5

Темір теңгені пайдаланып щетканың қақпағын

алыңыз. Сонан кейін қайшымен щетканың

білікшесінен жіп, шаш т.б. талшықтарды қырқып

тастаңыз. (Қайта орнату кері тəртіппен жүргізіледі)

ЕСКЕРТПЕ: Щетканың қылшықтарын қырқып

алмас үшін абай болыңыз. Сумен

жууға болмайды.

Шаңсорғыштың корпусы
D-6

Сумен ылғалданған жұмсақ матамен сүртіңіз.

КҮТУ ЖƏНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ

Шаңсорғышты күту немесе қызмет көрсету алдында

оның ашасын желілік розеткадан ажырату қажет.

• Жарақаттанбас үшін, қолдарыңызды щетка

білікшесінен қашық ұстаңыз.

• Сүзгіні кептіруге радиаторды да, фенді де

пайдаланбаңыз. Оны қоршаған ортаның

температурасында 24 сағат шамасында кептіріңіз.

• МАҢЫЗДЫ: Жуылған сүзгіні орнына қоймас бұрын

оның толық кепкеніне көз жеткізіңіз.

Электрқозғалтқыштың кірісіндегі сүзгінің күтімі
Егер шаң қапшығын ауыстырғаннан кейін сору күші қалпына

келмесе, төменде сипатталған операцияларды орындаңыз.
D-7

Шаңжиғыштың қақпағын ашыңыз.

D-8

Қозғалтқыштың қорғаныш сүзгісін алыңыз.

D-9

Оны сумен аса ұқыптылықпен жуып, көлеңке

жерде кептіріңіз.

D-10 Өз орнына орнатыңыз.

ЕСКЕРТПЕ: Сүзгіні өз орнына қоюды ұмытып кетпеңіз.

Сүзгінің болмауы электрқозғалтқыштың істен

шығуына əкеліп соқтыруы мүмкін.

• Сүзгіні жууға кіржуғыш машинасын пайдаланбаңыз

жəне оны фен немесе басқа ыстық ауа көздерімен

кептірмеңіз.

Сүзгінің күтімі
D-11

Сору сүзгісі

Сору сүзгісі шаңсорғыштың артқы бөлігіне

орнатылған. Бұл сүзгі шаңсорғыштан шыққан

ауада болуы мүмкін майда шаң тозаңдарын

ұстап қалуға арналған. Бұл сузгіні, пайдалану

жағдайына байланысты, жылына бір немесе екі

рет ауыстырып тұруды ұсынамыз. Сүзгіні ауыстыру

үшін, шығу қақпағын ұстап түрып (суретте

көрсетілгеніндей), сүзгіні шығарып алыңыз. Сүзгіні

ауыстырғаннан кейін шығу қақпағын орнына

қойыңыз (суретте көрсетілгеніндей).

ЕСКЕРТПЕ:

МАҢЫЗДЫ: Шаңсорғышты дұрыс орнатылған тиісті

сүзгілерінсіз пайдалануға болмайды.

Керісінше жағдайда электрқозғалтқыштың

зақымдануы мүмкін.

Егер шаңсорғыш жұмыс істемесе не істеу керек

Шаңсорғыштың розеткаға дұрыс қосылғанын, жəне розеткада

кернеудің бар-жоғын тексеріңіз. Егер термотежегіш қосылып

кеткен болса, оның қалпына келуін шамамен 60 минуттай

күтіңіз. Егер шаңсорғыш осы көрсетілген тексерістерден кейін

де жұмыс істемесе, оны авторланған техникалық қызмет
көрсету орнына алып барыңыз.

Егер сору қуаты төмендеп кетсе не істеу керек

• Шаңсорғышты тоқтатып, розеткадан ажыратыңыз.

• Құбыры, түтігі немесе саптамасы бітеліп қалмағанын

тексеріңіз. Егер бітелген болса, тазартыңыз.

• Шаңжиғыштың толықтығын тексеріңіз. Толып қалса төгіп,

босатыңыз.

• Қозғалтқыштың қорғаныш сүзгісі немесе мұқият тазарту

сүзгісі шаңмен бітеліп қалмағанын тексеріңіз. Егер бітелген
болса, тазартыңыз немесе ауыстырыңыз.

СПЕЦИФИКАЦИЯЛАР

MC-CG677

Қуат көзі

230 V~50 Гц

Макс. пайдаланатын
қуаты

1400 Вт

Қалыпты пайдаланатын
қуаты

1200 Вт

Өлшемі
(Е х Ұ х Б)

280 мм x 430 мм x 260 мм

Таза салмағы

5.1 кг

Құбыры

Телескоптық

Саңылаулы саптама

Жиһаз щеткасы

САТЫП АЛУШЫҒА ЕСТЕЛІК
Шаңсорғыш моделінің нөмірі жəне зауыттың нөмірі корпустың

артқы панелінде орналастырылған паспорт кестесінде

көрсетілген. Қолдануға, кеңес жəне техникалық көмек алуға

оңтайлы болу үшін моделдің нөмірі мен зауыттың нөмірін осы
нұсқауда келтірілген бланкке жазып қойыңыз.

Моделдің нөмірі ...........................................................................
Зауыттың нөмірі ..........................................................................
Сатылған уақыты ........................................................................
Сатылған жері .............................................................................

Ауа жолының бітелуінен ауа ағымы шектелген

жағдайда, немесе, датчикті шаң басуы

салдарынан, шаң датчигінің жұмысы тиянақсыз

болуы мүмкін.

Индикатор қызыл түспен жанып тұр

: ауада шаң бар.

Индикатор жасыл түспен жанып тұр:

Ауада шаң жоқ.

Түтікті жəне түтіктің кірер тесігін тексеріңіз,

тығындалып қалған жағдайда оны тазартыңыз.

Датчиктің үстіне шаң көп тұрып қалған жағдайда

оны жұмсақ, құрғақ щетканың көмегімен тазартыңыз.

ЕСКЕРТПЕ: Шаң датчигінің индикаторы шаң

болмаған жағдайда да жануы мүмкін.

Мұндай жағдай шаңсорғышты күшті

электромагниттік өрісі бар бөлмелерде,

мысалы, сіздің үйіңіз теле-радио

хабарлағыштарына жақын жерде

орналасқан жағдайда болуы мүмкін.

Мұндай жағдай шаң датчигіне

күн сəулесі түскенде немесе ол

жалғаулық ауыстырғыш қосылмастан

қуатты жарық көздерінің əсеріне

душар болғанда болуы мүмкін.

Мұндай жағдайлар шаңсорғыштың

ақауы бар дегенді білдірмейді.

Advertising