Техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері – Инструкция по эксплуатации Panasonic MC-CG 677 SR79

Страница 6

Advertising
background image

6

A) Турбо-щетка
B) Жалғаулық ауыстырғыш
C) Түтік
D) Сору реттеуіші

E) Имек ауыстырғыш

F) Телескоптық құбыр

G) Түтіктің кіру тесігі

H) Шаң индикаторы

I ) Шаңжиғыштың қақпағы
J) Аяқ ажыратқышы

K) Бау орағышының аяқ батырмасы

L) Тар саптама

M) Жиһаз щеткасы

N) Шығарым қақпағы

O) Аша

P) Қуат реттеуіші

Q) Шаң датчиктерінің индикаторы

R) Шаң датчиктері

A - НЕГІЗГІ ҚҰРАМА БӨЛШЕКТЕРІ

B - ШАҢСОРҒЫШТЫ ҚАЛАЙ ЖИНАУ КЕРЕК

C - ШАҢСОРҒЫШТЫ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК

B-1

Түтіктің жалғаулық ауыстырғышын кіру тесігіне

бекігенінше енгізіңіз. Түтікті шығару үшін,

жалғаулық ауыстырғышты ілгіштің екі батырмасын

басып тұрып тартыңыз.

ЕСКЕРТПЕ: Түтікті бүкпеңіз, созып тартпаңыз,

түтікті баспаңыз жəне оның үстіне

ауыр заттарды қоймаңыз.

B-2

Телескоптық құбырдың жоғарғы ұшына түтікті

енгізіңіз. Телескоптық құбырды, оның дөңгелек

тесігі түтіктің ілгішіне тура келгенінше бұрыңыз.

(Түтікті аларда, ілгішті басып тұрып телескоптық

құбырдан тартыңыз.)

Екінші ұшына турбо-щетканы кигізіңіз (үлгісіне

байланысты). (Қайта алу кері тəртіппен

орындалады.)

B-3

Тұтқадан жəне ұзындық реттеуішінен ұстап,

телескоптық құбырды қажетті ұзындыққа дейін

жылжытыңыз.

C-1

Күштік сымды шығарып алып, ашаны

розеткаға қосыңыз.

C-2

Шаңсорғышты қосу үшін, аяқ ажыратқышының

ортасынан жайлап басыңыз.

Ажырату үшін, аяқ ажыратқышын тағы бір рет

басыңыз.

C-3

Қуат реттеуіші

3 позициясы бар (MIN·MAX·AUTO).

MIN:

Сору күші əлсіз, кіріс қуаты шамамен 400 Вт.

MAX:

Сору күші жоғары, кіріс қуаты шамамен 1400

Вт.

AUTO:

Сору күші шаң датчигінің шаңды

айқындауына байланысты автоматты түрде

өзгеріп тұрады.

C-4

Турбо-щетканың 3-позициялық ауыстырылуы.

Еден(паркет) - А белгісіне қойыңыз.

Кілем (қысқа түкті) – В белгісінде.

Кілем (ұзын түкті) – С белгісінде.

C-5

Имек ауыстырғыш, сору күшін уақытша азайтуға

мүмкіндік беретін қол реттеуішімен жабдықталған.

C-6

Тазалауды аяқтағаннан кейін шаңсорғыштың

ашасын розеткадан алыңыз да, бау

орағышының аяқ батырмасын басыңыз.

Желілік бауды орағанда, желілік ашаны зақымдап

алмау үшін оны ұстап түрып, орағыштың аяқ

батырмасын ортасынан басыңыз.

C-7

Сақтау қалпы

Турбо-щеткаға жалғанған құбырдың тұтқасын

негізгі корпустың төменгі бөлігіндегі құбыр

ұстағышқа тақап түйістіріңіз.

C-8

Тұрақтату қалпы

Тазалау кезіндегі қысқа үзілістерде турбо-щеткаға

жалғанған құбырдың тұтқасын негізгі корпустың

артқы бөлігіндегі құбыр ұстағышқа түйістіріңіз.

ЕСКЕРТПЕ: Шаңсорғышты бастапқы қалпына

аударғанда, оны токтан ажыратуды

үсынамыз.

C-9

Шаң датчигі

Шаң датчигінің индикаторы тазалау барысын

автоматты түрде хабарлайды. Егер сорылған

ауада шаң болса, индикатор қызыл түспен жанады

жəне ол сорылған ауа шаңнан тазарғанынша

жанып тұрады. Сонан кейін индикатор ауаның

тазалығына мезгеп, жасыл түспен жана бастайды.

Өртену, электр тоғымен зақымдану немесе жарақат алу қаупін төмендету үшін, шаңсорғышты пайдалану
алдында қауіпсіздік ережелерін мұқият оқып шығыңыз.

• Балаларға жəне қабілеттілігі шектеулі адамдарға шаңсорғышты өздігінше пайдалануға рұқсат етпеңіз.

• Электрлік бауы немесе ашасы зақымданған болса, шаңсорғышты пайдаланбаңыз.

• Бұл шаңсорғыш желілік баумен жабдықталған, сол себепті, ол зақымданған жағдайда, жарақат алу мүмкіндігін болдырмау

үшін оны авторланған техникалық қызмет немесе білікті маман ауыстыруы тиіс.

• Пайдаланбайтын немесе жөндейтін кезде шаңсорғышты розеткадан ажыратып тастаңыз.

• Қозғалтқышты өшірмейінше, шаңсорғышты розеткадан ажыратпаңыз. Ашаны розеткадан суырғанда бауынан тартпаңыз.

• Шаңсорғышты немесе желілік ашаны ылғал қолыңызбен ұстамаңыз.

• Контейнерден шаңды төгерде қоқысты шашып алмас үшін, контейнердің астыңғы қақпағының жабық тұрғанына көз

жеткізіңіз.

• Жуылған сүзгіні кепкенге дейін пайдаланбаңыз.

• Тұтанғыш жəне отындық заттарды сорғызбаңыз.

• Ыстық күлді жəне кескіш заттарды сорғызбаңыз.

• Су жəне басқа сұйықтарды сорғызбаңыз.

• Шаңсорғышты радиатор, пеш т.б. жылу көздерінен қашық ұстаңыз.

• Шаңсорғыш,қозғалтқышты қызып кетуден сақтау үшін, қауіпті жағдайда автоматты түрде ажырататын термотежегішпен

жабдықталған. Мұндай жағдайда шаңсорғышты желіден ажыратып, қызып кету себебін жойыңыз. Шаңжиғыштың толып

кетпегендігін, сүзгінің шаңмен бітеліп қалмағандығын немесе ауа жолына əлдебір зат тұрып қалмағандығын тексеріңіз.

Құбырды, түтікті жəне кіру тесігін тексеріңіз. Бітелген жерін тазартыңыз. Шаңсорғыштың салқындап, термотежегіштің

бастапқы қалпына келуіне жобамен 1 сағ. уақыт керек. Сонан кейін жұмысты қайта бастауға болады.

ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

ҚАЗАҚ ТІЛІ

Advertising