Инструкция по эксплуатации Hotpoint Ariston FTCF 87B 6H

Страница 60

Advertising
background image

60

KZ

Осы бағдарламалардың ұзақтығы жүктеменің өлшеміне, материалдың түрлеріне жəне кез келген қосымша таңдалған
опцияларға байланысты болады.

Бағдарлама

Жуу циклдарының кестесі
циклдарының мерзімін дисплейде көруге болады

1

.

Ең көп жүк

9

Жібек

Бұл бағдарлама нəзік жібек бұйымдарды кептіруге арналған.

Бұл бағдарламаны пайдаланып кептірілетін жүкте мелер əдетте киіп жүруге дайын, бірақ кейбір қалың заттар
сəл дымқыл болуы мүмкін. Мұндай жағдайда оларды шығарып, ашыңыз жəне бағдарламаны қайта қысқа
уақытқа қосыңыз.

0,5 kg

10

Нəзік киімдер

Бұл бағдарлама нəзік бұйымдарды, мысалы акрилаттан жасалған, кептіруге арналған.

Бұл бағдарламаны пайдаланып кептірілетін жүктемелер əдетте киіп жүруге дайын, бірақ кейбір заттар сəл
дымқыл болуы мүмкін. Мұндай жағдайда оларды ашып немесе аударып алып, бағдарламаны қайта қысқа
уақытқа қосыңыз.

2 kg

11

Мамық

көрпе

! Бұл бағдарламаларды пайдаланғанда абай болыңыз, зақымдалған заттарды кептірмеңіз, себебі мамық сүзгі
мен ауа жолдарын бітеп, өрт қаупін туғызуы мүмкін.

Тек бір адамға арналған мамық көрпелер үшін қолданылуы тиіс; қос немесе өте үлкен өлшемді көрпелер үшін
қолданбаңыз.

Бұл бағдарламамен кептірілетін кірлер əдетте пайдалануға дайын болады, бірақ кейбір жерлері дымқыл
болуы мүмкін. Бұл орын алса, кірлерді шығарып алып, ішін сыртқа қаратып сілкілеп жіберіңіз, одан кейін қысқа
уақыт бойынша бағдарламаны қайталап көріңіз.

Сондай-ақ, мамықпен толтырылған кеудешелерге қолдануға болады.

Мақта мамық көрпелер үшін жоғары жəне синтетикалық мамық көрпелер үшін орташа қызу параметрін қолданыңыз.

-

12

Сəби

бағдарламасы

Бұл бағдарлама сəбидің кішкентай нəзік киімдерін, төсек орын бұйымдарын (мақта жəне шашақ жіп) жəне
өзіңіздің нəзік киімдеріңізді кептіруге арналған.

Пластикалық қабаты бар сəби көкірекшелері мен түкті дамбалдарын кептіруге болмайды.

Бұл бағдарламаны пайдаланып кептірілетін жүктемелер əдетте киіп жүруге дайын, бірақ кейбір заттар сəл
дымқыл болуы мүмкін. Мұндай жағдайда оларды ашып немесе аударып алып, бағдарламаны қайта қысқа
уақытқа қосыңыз.

2 kg

13

Жұмсақ

ойыншық

бағдарламасы

Жұмсақ ойыншық бағдарламасының көмегімен бұрынғыдан жиі жұмсақ ойыншықтардың шаңын кетіруге
жəне оларды жууға болады, себебі əдеттегідей кептіргенмен салыстырғанда кептіру уақыты айтарлықтай
азаяды.Ол – жүннің бастапқы қалпы мен жарқылын сақтау үшін төмен температурада аз механикалық əсер
қолданатын нəзік кептіру циклы.

Ескертпе: Аллергиядан қорғау үшін жұмсақ ойыншықтарды 24 сағатқа мұздатып, одан кейін жуып кептірсеңіз болғаны.
• 6

аптада бір рет қайталаңыз.

Кептірмес бұрын киімдер, жағалар не дыбыс қораптары сияқты керек- жарақтарды алып тастаңыз жəне
пластикалық көздерді сүртіп алып, изолентамен қорғаңыз.

Бағдарлама ұзақтығы кірлердің құрамына байланысты əр түрлі болады. Максималды кірлер салмағы 2,5 кг-
нан жəне бөлек бір зат 600 г-нан аспауы тиіс.

2,5 kg

14

Қызу жəне

қолдану

Бұл бағдарлама орамалар мен халаттарды жылытып, ванна не душтан кейін жылы сезінуге көмектеседі. Сондай-ақ,
қыс кезінде киімдерді жылыту үшін қолдануға болады. Цикл киімдерді 37 °С-қа дейін жылытады (дене температурасы)
жəне бұл температурада ең көбі 4 сағатқа немесе есік ашылып цикл тоқтатылмағанша орындалады.
Ескертпе: Бұл бағдарлама барысында қажет температураға жетпегенше

белгішесі дисплейде айналып

тұрады, бұдан кейін

iбелгішесі жыпылықтайды.

-

15

Оңай үтіктеу

бағдарламасы

Оңай үтіктеу – бір қалыпта/орында ұзақ уақыт тұрған киімдердің талшықтарын түтуге арналған қысқа 10 минуттық
бағдарлама (8 минут қыздыру, одан кейін 2 минут салқын айналдыру кезеңі). Цикл талшықтарды жұмсартып,
оларды үтіктеуді жəне бүктеуді жеңілдетеді.

! Оңай үтіктеу кептіру бағдарламасы емес, сондықтан оны дымқыл киімге қолдануға болмайды.

Ең жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін

1. Ең көп сыйымдылықтан көп жүктемеңіз. Мына сандар құрғақ салмақ үшін берілген:Мақта жəне аралас мақта -2,5

кг; Синтетика -2 кг; Джинсы -2 кг.

2. Кептіру циклы аяқталғаннан кейін дереу кірлерді алыңыз, оларды іліп қойыңыз, бүктеңіз немесе үтіктеңіз де,

шкафқа салып қойыңыз. Бұл мүмкін болса, бағдарламаны қайталаңыз

2,5 kg

Advertising