Инструкция по эксплуатации Hotpoint Ariston FTCF 87B 6H

Страница 59

Advertising
background image

59

KZ

Бағдарлама

Жуу циклдарының кестесі
циклдарының мерзімін дисплейде көруге болады

1

.

Ең көп жүк

1

Cтандартты

мақта

бағдарламасы

Бұл – мақтадан жасалған заттарға арналған бағдарлама.

Стандартты мақта бағдарламасы ЕО 392/2012 ережесіне сəйкес Жоғары құрғақтық жəне Құрғақтық деңгейлері
Шкафқа қойылатындай құрғақ (стандартты/əдепкі іске қосу конфигурациясы) параметрлерімен таңдалатын
1-бағдарлама. Бұл - қуатты тұтыну ережелеріне сəйкес (EU.392/2012) ең үйлесімді бағдарлама.

max.

2

Жейделер

Жоғары қыздыру параметрi

Бұл бағдарлама мақтадан жасалған көйлектер үшін арналған.

Орташа қыздыру параметрі

Бұл бағдарлама синтетикалық материалдан немесе полиэфир мен мақта сияқты табиғи жəне снтетика аралас
материалдан жасалған көйлектер үшін арналған.

«Шкафқа қойылатындай құрғақ» параметрімен кептірілген киімдер əдетте киюге дайын болады; шеттер немесе
бүктелу жерлері сəл дымқыл болуы мүмкін. Бұл орын алса, көйлектердің ішін сыртқа қаратып, қысқа уақыт
бойынша бағдарламаны қайталап көріңіз.

3 kg

3

Төсек пен

ванна

Бұл бағдарлама мақта орамалдар пен ақжаймалар үшін арналған.

• «Аса құрғақ» параметрімен кептірілген заттар əдетте пайдалануға дайын болады; шеттер немесе бүктелу

жерлері сəл дымқыл болуы мүмкін, əсіресе үлкен заттарда. Бұл орын алса, оларды ашып, қысқа уақыт
бойынша бағдарламаны қайталап көріңіз.

max.

4

Аллергияға

қарсы

бағдарлама

Бұл бағдарламаға «Allergy UK» ұйымы «Мақұлданған» деген баға берген, яғни осы арнайы Аллергияға қарсы
циклы киімдерден аллергендерді тиімді түрде азайтады жəне жояды. Ұзақ уақыт тұрақты температураны
ұстап тұру арқасында бұл бағдарламаның көмегімен кең тараған аллергендердің көбісінің (оның ішінде кене
мен тозаң) əсері жойылады.

Толық көлемдегі ылғал заттарды кептіріп өңдеу немесе 4 кг құрғақ заттарды тек өңдеу үшін қолдануға болады.

max.

5

Синтетика

Бұл бағдарлама синтетикалық немесе синтетика/мақта аралас заттарға арналған.

3 kg

6

Жылдам

кептіру

Бұл опция 1 кг-ға дейінгі салмақтарға арналған.

Ескертпе: тек «Шкафқа қойылатындай құрғақ» параметрімен қолдануға болады.

1 kg

7

Джинсы

Бұл бағдарлама джинсы матасынан жасалған джинсы үшін арналған. Джинсы шалбарларын кептірмес бұрын,
алдыңғы қалталардың ішін сыртқа қаратыңыз.

Қою жəне ашық түсті заттарды араластырмаңыз.

Оны сол материалдан жасалған пиджактар сияқты басқа киімдермен де қолдануға болады.

Бұл бағдарламаны пайдаланып кептірілетін жүктемелер əдетте киіп жүруге дайын, оның шеттері немесе
жиектері сəл дымқыл болуы мүмкін. Мұндай жағдайда джинсы шалбарын аударып алып, бағдарламаны қайта
қысқа уақытқа қосыңыз.

! Джинсы шалбарында эластикалық белбеу, ілмек немесе кесте болса, бұл бағдарламаны қолдануды
ұсынбаймыз.

3 kg

8

Жүн

бағдарламасы

Бұл бағдарлама таңбасы бар, кептіргіште кептіруге болатын киімдер үшін арналған .

Кептіруден бұрын киімдердің ішін сыртқа қаратқан абзал.

Бұл бағдарлама көмегімен кептірілген киімдер əдетте киюге дайын болады, бірақ ауыр киімдердің шеттері
сəл дымқыл болуы мүмкін. Бұларды табиғи түрде кептіріңіз, себебі шамадан тыс кептіру киімдерді зақымдауы
мүмкін.

! Басқа материалдар сияқты жүннің қысқаруы қайтымсыз үдеріс болып табылады; яғни, ол бастапқы өлшемі мен
пішініне қайтпайды.
! Бұл бағдарлама акрилат киімдер үшін қолайлы емес.

1 kg

Осы бағдарламалардың ұзақтығы жүктеменің өлшеміне, материалдың түрлеріне жəне кез келген қосымша таңдалған
опцияларға байланысты болады.

Advertising