Қауіпсіздік нұсқаулары – Инструкция по эксплуатации AEG HG755420UM

Страница 4

Advertising
background image

• Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек

қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз.

• Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды

пештің үстіне қараусыз қалдыру қауіпті және өрт

шығуы мүмкін.

• Өртті ешқашан сумен сөндіруге әрекет

жасамаңыз, бұндай жағдайда құрылғыны сөндіріп,

содан кейін жалынды қақпақ немесе өрт басқыш

көрпе тәрізді затпен жабыңыз.

• Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.

• Құрылғыны бумен тазалайтын құралмен

тазаламаңыз.

• Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір

заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып

кетеді.

• Егер шыны керамика бетке сызат түссе, электр

қатері пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз.

2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

2.1 Орнату

Назарыңызда болсын!

Бұл құрылғыны тек білікті

маман ғана орнатуға тиіс.

• Орам материалдарының барлығын

алыңыз.

• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз

немесе іске қоспаңыз.

• Құрылғымен бірге берілген орнату

бойынша нұсқауларды орындаңыз.

• Осы құрылғы мен басқа

құрылғылардың, заттардың

арасындағы ең аз қашықтықты

сақтаңыз.

• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі

абай болыңыз, себебі салмағы

ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын

киіңіз.

• Кесілген беттерге ылғал кіріп

үлкейтіп жібермес үшін

тығыздағышпен бітеңіз.

• Құрылғының астыңғы жағын бу мен

ылғалдан қорғаңыз.

• Құрылғыны есікке жақын жерге

терезенің астына қоймаңыз. Бұл

есік немесе терезе ашылған кезде

ыстық ыдыс құрылғыдан құлап

кетпеу үшін қажет.

• Егер құрылғыны тартпалардың

үстіне орнатсаңыз, құрылғының

астыңғы жағы мен үстіңгі тартпаның

арасында ауа ауысып тұруға

жеткілікті орын қалуын қамтамасыз

етіңіз.

• Құрылғының астыңғы жағы ысып

кетеді. Құрылғының астыңғы жағын

қол жетпейтіндей етіп бітеу үшін

тұтанбайтын панель орнатуды

ұсынамыз.

4

www.aeg.com

Advertising