3 пайдалану – Инструкция по эксплуатации AEG HK63420RXB

Страница 4

Advertising
background image

• Сымдарды қосар алдында құрылғы

ағытпасының тоқтан ажыратылып

тұрғанына көз жеткізіңіз.

• Құрылғының дұрыс орнатылғаныа

көз жеткізіңіз. Босаған әрі дұрыс

емес аша мен розетка ағытпаны

тым ысытып жіберуі мүмкін.

• Электр қатерінен сақтандыру

құралының орнатылғанына көз

жеткізіңіз.

• Жақын орналасқан розеткаларға

құрылғыны жалғаған кезде электр

сымдарының құрылғыға немесе

ыстық ыдысқа тиіп кетуіне жол

бермеңіз.

• Электр сымдарының оратылуына

жол бермеңіз.

• Сымға қысқыш қапсырма

пайдаланыңыз.

• Дұрыс қорек сымын пайдаланыңыз.
• Құрылғының ашасына және сымына

зақым келтірмеңіз. Зақым келген

электр сымын ауыстырту үшін

қызмет көрсету орталығына немесе

электршіге хабарласыңыз.

• Электр жүйесі құрылғыны кез келген

полюсте ажыратуға мүмкіндік

беретін оқшаулағыш құралмен

жабықталуға тиіс. Оқшаулағыш

құралдың контакт ара қашықтығы

кем дегенде 3 мм болуға тиіс.

• Дұрыс оқшаулағыш құралдарды

ғана қолданыңыз: желіні қорғайтын

ажыратқыштар, сақтандырғыштар

(ұстатқштан алынған бұрандалы

сақтандырғыштар), жерге

тұйықталудан қорғау тетіктері мен

тұйықтағыштар.

1.3 Пайдалану

Назарыңызда болсын!

Жарақат алу, күйіп қалу немесе

электр тоғының қатеріне

ұшырау қаупі бар.

• Бұл тұрмыста қолдануға арналған

құрылғы.

• Бұл құрылғының техникалық

сипаттамасын өзгертпеңіз.

• Құрылғыны басқару үшін сыртқы

таймерді немесе бөлек қашықтан

басқару жүйесін қолданбаңыз.

• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны

назардан тыс қалдырмаңыз.

• Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз

немесе суға тиіп тұрған құрылғыны

пайдаланбаңыз.

• Пісіру алаңдарына ас құралдарын

немесе кәстрөлдердің қақпақтарын

қоймаңыз. Қызып кетуі мүмкін.

• Пісіру алаңын қолданып болған

сайын "off" (сөндіру) қалпына

қойыңыз. Ыдыс анықтағышқа

сенбеңіз.

• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат

сақтайтын орын ретінде

қолданбаңыз.

• Құрылғының бетіне сызат түссе,

электр қатеріне ұшырамас үшін оны

тоқтан ағытыңыз.

• Кардиостимуляторы бар адамдар

құрылғы іске қосылып тұрған кезде

индукциялық пісіру алаңдарынан

кем дегенде 30 см алыс тұруға тиіс.

Назарыңызда болсын!

Өрт немесе жарылыс шығу

қаупі бар.

• Тоңмайларды немесе майды

қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда

болады. Тоңмайға немесе майға

тамақ пісірген кезде қызған

заттарды немесе оттың жалынын

алыс ұстаңыз.

• Қатты қызған майдан бөлініп

шығатын бу, кенет жарылыстың

орын алуына себеп болады.

• Құрамында тағам қалдықтары бар

қолданылған май, бірінші рет

қолданылып отырған майға

қарағанда, төмен температурада

өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.

• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне

тұтанғыш зат салынған дымқыл

заттарды құрылғының ішіне, қасына

немесе үстіне қоймаңыз.

• Өртті сумен сөндіруге

әрекеттенбеңіз. Құрылғыны

ажыратып, жалынды қақпақпен

немесе көрпемен басыңыз.

Назарыңызда болсын!

Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз

мүмкін.

• Басқару панеліне ыстық ыдыс

қоймаңыз.

• Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша

қайнатпаңыз.

4

www.aeg.com

Advertising