Қауіпсіздік туралы мағлұматтар, 1 балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі, 2 орнату – Инструкция по эксплуатации AEG HK63420RXB

Страница 3: Электртоғына қосу

Advertising
background image

1. ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР

Құрылғыны орнатып іске қолданар

алдында бірге жеткізілген

нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.

Құрылғыны дұрыс орнатпау мен

дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам

жарақат алса және ақаулық орын алса

өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты

келешекте қарап жүру үшін үнемі

сақтап қойыңыз.

1.1 Балалар мен дәрменсіз

адамдардың қауіпсіздігі

Назарыңызда болсын!

Тұншығып қалу, жарақат алуы

немесе мүгедек болып қалу

қаупі бар.

• Бұл құрылғыны 8 жастан асқан

балалар мен денесіне, сезім

жүйесіне не ақыл-есіне зақым

келген адамдар не тәжірибесі мен

білімі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін

қамтамасыз ететін адамның

қадағалауы бойынша немесе

құрылғыны қауіпсіз қолдану

бойынша нұсқау алғаннан кейін

қолдануына болады.

• Балаларға құрылғымен ойнауға

рұқсат бермеңіз.

• Орам материалдарының барлығын

балалардан алыс ұстаңыз.

• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда

немесе салқындап тұрғанда,

балалар мен үй жануарларын оған

жақындатпаңыз. Қолжетімді

бөлшектері ыстық болады.

• Егер құрылғы бала қауіпсіздігінің

құралымен жабдықталса, оны іске

қосуды ұсынаыз.

• Балалар тазалау және күтім көрсету

жұмыстарын басқа адамның

қарауынсыз орындамауға тиіс.

1.2 Орнату

Назарыңызда болсын!

Бұл құрылғыны тек білікті

маман ғана орнатуға тиіс.

• Орам материалдарының барлығын

алыңыз.

• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз

немесе іске қоспаңыз.

• Құрылғымен бірге берілген орнату

бойынша нұсқауларды орындаңыз.

• Осы құрылғы мен басқа

құрылғылардың, заттардың

арасындағы ең аз қашықтықты

сақтаңыз.

• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі

абай болыңыз, себебі салмағы

ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын

киіңіз.

• Кесілген беттерге ылғал кіріп

үлкейтіп жібермес үшін

тығыздағышпен бітеңіз.

• Құрылғының астыңғы жағын бу мен

ылғалдан қорғаңыз.

• Құрылғыны есікке жақын жерге

терезенің астына қоймаңыз. Бұл

есік немесе терезе ашылған кезде

ыстық ыдыс құрылғыдан құлап

кетпеу үшін қажет.

• Егер құрылғыны тартпалардың

үстіне орнатсаңыз, құрылғының

астыңғы жағы мен үстіңгі тартпаның

арасында ауа ауысып тұруға

жеткілікті орын қалуын қамтамасыз

етіңіз.

• Жұмыс алаңы мен оның астыңғы

жағындағы құрылғының алдыңғы

жағында 5 мм ауа алмасып тұруға

арналған орынның болуын

қамтамасыз етіңіз. Ауа алмасып

тұруға қажетті саңылаудың

жеткіліксіз болуына байланысты

орын алған ақауларға өндіруші

жауапты емес.

• Құрылғының астыңғы жағы ысып

кетеді. Құрылғының астыңғы жағын

қол жетпейтін етіп бітеу үшін

тұтанбайтын оқшаулағыш панель

орнатуды ұсынамыз.

Электртоғына қосу

Назарыңызда болсын!

Өрт шығу және электр қатеріне

ұшырау қаупі бар.

• Электртоғына қосу жұмыстарының

барлығын білікті электрші ғана іске

асыруға тиіс.

ҚАЗАҚ

3

Advertising