Орнату – Инструкция по эксплуатации AEG HG565432NM

Страница 5

Advertising
background image

• Табанының диаметрі оттықтың диаметріне сай келетін ыдыс-аяқты ғана

қолданыңыз. Шыны плита (егер болса) қатты қызып, жарылып кету қаупі бар.

• Диаметрі оттық диаметрінен кіші кəстрөлді қолданбаңыз - жалын кəстрөлдің

тұтқасын қыздырып жібереді.

• Кəстрөлдер басқару аймағына кіріп тұрмауға тиіс.
• Аударылып кетіп, жазатайым жағдай орын алмас үшін, орнықсыз ыдыс-аяқты

қолданбаңыз.

• Тұтанғыш заттарды немесе тұтанғыш зат сіңген дымқыл заттарды жəне/не

балқығыш заттарды (пластик немесе алюминийден жасалған), маталарды

құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт шығу қаупі

бар.

• Тек құрылғымен бірге жеткізілген керек-жарақтарды ғана қолданыңыз.
• Құрылғыны жақын розеткаларға жалғаған кезде абай болыңыз. Электр сымдарын

құрылғыға немесе ыстық ыдысқа тигізбеңіз. Электр сымдарының оратылуына жол

бермеңіз.

Орнату

Осы нұсқауларды міндетті түрде оқыңыз. Осы талаптарды орындамау

себебінен адам жəне үй жануарлары жарақаттанса, өндіруші жауапкершілік

көтермейді.

Құрылғының бүлінуіне немесе адамдардың жарақат алуына жол бермеу үшін

құрылғыны орнатуды, сондай-ақ электр желісіне жəне газбен жабдықтау

жүйесіне қосуды, баптауды жəне техникалық қызмет көрсетуді нормалар мен

жергілікті заң ережелеріне сəйкес тек білікті маман ғана іске асыруға тиіс.

• Құрылғының тасымалдау кезінде бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген құрылғыны

іске қоспаңыз. Қажет болса, жеткізушіге хабарласыңыз.

• Кіріктірілген құрылғыларды, аспапты дұрыс қондырылған құрылғыларға жəне

стандартты талаптарға сай келетін жұмыс алаңдарына құрастырғаннан кейін ғана

пайдаланыңыз.

• Пештің үстін құрылғыны кіріктіруге болмайтын тұрмыстық аспаптарға орнатпаңыз.
• Құрылғыны тек біртегіс жайпақ бетке ғана орнатыңыз.
• Осы құрылғының техникалық сиапттамаларын өзгертуге немесе түрлендіруге

болмайды. Жарақат алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.

• Құрылғы пайдаланылатын елде қолданылатын заңдарды, жарлықтарды, нұсқаулар

мен талаптарды (қауіпсіздік ережелері, қайта пайдалану ережелері, электрлік

қауіпсіздік ережелері т.с.с.) толық орындаңыз.

• Басқа аспаптармен жəне құрылғылармен арада ең кіші қашықтықты сақтаңыз.
• Соққыдан қорғау құралын орнатыңыз, мысалы, тартпалы жəшіктерді тек

құрылғының астына қорғаныс тақта қойып қана орнатыңыз.

• Жұмыс үстелінің кесілген беткі қабатын дұрыс тұмшалағыш материалдың көмегімен

ылғалдан қорғаңыз.

• Жұмыс үстелін дұрыс бітегіш материалмен бос жер қалдырмастан бітеңіз.
• Құрылғының астының бу мен ылғалдан, яғни, ыдыс жуғыш машина немесе

тұмшапештен бүлінуіне жол бермеңіз.

Қауіпсіздік туралы мағлұматтар

5

Advertising