7d - күту жəне қызмет ету, Күту жəне қызмет ету – Инструкция по эксплуатации Panasonic MC-CL671

Страница 7

Advertising
background image

7

D - КҮТУ ЖƏНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ

Шаңжиғышты босату

МАҢЫЗДЫ: Шаңжиғыш толып кетсе, сору күші азайып кетсе

немесе желілік бау бірқалыпты тартылып шықпаса,
ішін төгіп босатыңыз.

ЕСКЕРТПЕ: Майда шаңды, мысалы опа т.б. сорғанда, сору

күші жоғалып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда
шаңсорғышты төгіп, сүзгілердің бітеліп
қалмағандығын тексеріңіз.

Егер сору күші қалпына келмесе, шаңжиғышқа

техникалық күтім шараларын жүргізуді ұсынамыз.

Шаңжиғышты алыңыз

D-1

Шаңжиғыш тұтқасының алдыңғы жағынан жоғары қарай
тартыңыз да, шаңжиғышты корпустан босатып алыңыз.

МАҢЫЗДЫ: Шаңжиғыш тұтқасының артқы жағын

тартпаңыз, себебі олай бүкіл корпусты
көтеруге болады.

D-2

Механизмді жобамен бес айналымға бұраңыз.

D-3

Ортаңғы бөлшегін сүзгілерімен бірге тартып шығарып
алыңыз.

D-4

Шаңжиғышты төгіп, босатыңыз.

D-5

Сүзгілерімен бірге ортаңғы бөлшегін шаңжиғышқа
салыңыз.

D-6

Шаңжиғышты шаңсорғыштың корпусына орнатыңыз.
Шаңжиғыштың тұтқасын бастапқы қалпына қайтарыңыз.

(«сырт» еткен дыбыс шыққанша басыңыз. )

Негізгі сүзгіні күту

D-7

Бұранданы алып, алдыңғы сүзгіні шығарып алыңыз.
Рычагын басып тұрып, негізгі сүзгіні шығарып алыңыз.

D-8

Негізгі сүзгіде жиналған шаңды, оны қатты жерге жайлап
ұрып, төгіп тастаңыз.

ЕСКЕРТПЕ: Негізгі сүзгіні щеткамен тазаламаңыз,

сүзгінің сыртқы жағын сумен жуып, орнына
қондырмас бұрын толық кепкенінше
қалдырыңыз.

МАҢЫЗДЫ: Тығыздағыштың деформациялануы

тозаңның шығуына əкеледі. Негізгі сүзгінің
тығыздағышын жоғары алып негізгі сүзгіні
кептіріңіз.

D-9

Рычагты басып тұрып, негізгі сүзгіні орнына орнатыңыз.
Алғашқы сүзгіні орнына қойып, бұрандамен бекітіңіз.

Турбо-щетка

D-10 Темір теңгені пайдаланып щетканың қақпағын алыңыз.

Сонан кейін қайшымен щетканың білікшесінен жіп, шаш
т.б. талшықтарды қырқып тастаңыз. (Қайта орнату кері
тəртіппен жүргізіледі)

ЕСКЕРТПЕ: Щетканың қылшықтарын қырқып алмас үшін

абай болыңыз. Сумен жууға болмайды.

Едендік щетка

D-11 Ай сайын тексеріп тұрыңыз. Ескі тіс щеткасының,

т.б. көмегімен щетканы кір-қоқыстан, қылшықтардан
тазартыңыз.

Шаңсорғыштың корпусы

D-12 Сумен ылғалданған жұмсақ матамен сүртіңіз.

Қозғалтқыштың қорғаныш сүзгісін күту

D-13

Шаңжиғыш тұтқасының алдыңғы жағынан жоғары қарай
тартыңыз да, шаңжиғышты корпустан босатып алыңыз.

D-14 Қозғалтқыщтың қорғаныш сүзгісін алыңыз.
D-15

Қатты жерге жайлап ұрып, шаңын төгіп тастаңыз.

Егер қозғалтқыштың алдыңғы сүзгісінде шаң қалса, сүзгіні
абайлап сумен жуып, көлеңкелі жерде кептіріңіз.

D-16

Өз орнына қойыңыз.

ЕСКЕРТПЕ: Сүзгіні өз орнына қоюды ұмытпаңыз. Сүзгінің

болмауы қозғалтқыштың істен шығуына соқтыруы
мүмкін.

• Сүзгіні жууға кіржуғыш машинасын, кептіруге фен т.б. ыстық

ауа көздерін пайдаланбаңыз.

Сору сүзгісін күту

D-17 Оны ауыстыру үшін ауа шығар тесіктегі торкөзді алыңыз

(суретте көрсетілгеніндей). Сүзгіні ауыстырғаннан кейін
шығарым қақпағын бұрынғы орнына қойыңыз.

ЕСКЕРТПЕ: Егер сору сүзгісі ауыстыруды қажет етпейтіндей

болса да, біз оны жылына бір рет ауыстырып
тұруды ұсынамыз.

МАҢЫЗДЫ: Дұрыс орнатылған тиісті сүзгілерінсіз шаңсорғышты

пайдалануға болмайды. Керісінше жағдайда
электрқозғалтқыштың зақымдануы мүмкін.

Шаңсорғыш жұмыс істемесе не істеу керек

Шаңсорғыштың розеткаға дұрыс қосылғанын, жəне розеткада
кернеудің бар-жоғын тексеріңіз. Егер термотежегіш қосылып кеткен
болса, оның қалпына келуін шамамен 60 минуттай күтіңіз. Егер осы
тексерулерден кейін де шаңсорғыш іске қосылмаса, оны авторланған
техникалық қызмет көрсету орнына алып барыңыз.

Егер сору қуаты төмендеп кетсе не істеу керек

• Шаңсорғышты тоқтатып, розеткадан ажыратыңыз.
• Құбыры, түтігі немесе саптамасы бітеліп қалмағанын тексеріңіз.

Егер бітелген болса, тазартыңыз.

• Шаңжиғыштың толықтығын тексеріңіз. Толып қалса төгіп,

босатыңыз.

• Қозғалтқыштың қорғаныш сүзгісі немесе мұқият тазарту сүзгісі

шаңмен бітеліп қалмағанын тексеріңіз. Егер бітелген болса,
тазартыңыз немесе ауыстырыңыз.

СПЕЦИФИКАЦИЯЛАР

MC-CL673

MC-CL671

Қуат көзі

230 V~50 Гц

Макс.
пайдаланатын
қуаты

2100 Вт

2000 Вт

Қалыпты
пайдаланатын
қуаты

1800 Вт

1700 Вт

Өлшемі
(Е х Ұ х Б)

290 мм x 470 мм x 280 мм

Таза салмағы

6.0 кг

Құбыры

Телескоптық

Саңылаулы саптама

Жиһаз щеткасы

САТЫП АЛУШЫҒА ЕСТЕЛІК
Шаңсорғыш моделінің нөмірі жəне зауыттың нөмірі корпустың артқы
панелінде орналастырылған паспорт кестесінде көрсетілген.
Қолдануға, кеңес жəне техникалық көмек алуға оңтайлы болу үшін
моделдің нөмірі мен зауыттың нөмірін осы нұсқауда келтірілген
бланкке жазып қойыңыз.

Моделдің нөмірі ........................................................................................
Зауыттың нөмірі .......................................................................................
Сатылған уақыты .....................................................................................
Сатылған жері ..........................................................................................

КҮТУ ЖƏНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ

• Шаңсорғышты күту немесе қызмет көрсету алдында оның

ашасын розеткадан ажырату қажет.

• Жарақаттанбас үшін, қолдарыңызды щетка білікшесінен

қашық ұстаңыз.

• Сүзгіні кептіруге радиаторды да, фенді де пайдаланбаңыз.

Оны қоршаған ортаның температурасында 24 сағат
шамасында кептіріңіз.

• МАҢЫЗДЫ: Жуылған сүзгіні орнына қоймас бұрын оның

толық кепкеніне көз жеткізіңіз.

MC-CL673_V01Z4D007_0604.indd 7

MC-CL673_V01Z4D007_0604.indd 7

2007/06/04 18:19:48

2007/06/04 18:19:48

Advertising