Техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері – Инструкция по эксплуатации Panasonic MC-CL671

Страница 6

Advertising
background image

6

Өртену, электр тоғымен зақымдану немесе жарақат алу қаупін төмендету үшін, шаңсорғышты пайдалану алдында қауіпсіздік
ережелерін мұқият оқып шығыңыз.

• Балаларға жəне қабілеттілігі шектеулі адамдарға шаңсорғышты өздігінше пайдалануға рұқсат етпеңіз.

• Электрлік бауы немесе ашасы зақымданған болса, шаңсорғышты пайдаланбаңыз.

• Бұл шаңсорғыш желілік баумен жабдықталған, сол себепті, ол зақымданған жағдайда, жарақат алу мүмкіндігін болдырмау үшін оны

авторланған техникалық қызмет немесе білікті маман ауыстыруы тиіс.

• Пайдаланбайтын немесе жөндейтін кезде шаңсорғышты розеткадан ажыратып тастаңыз.

• Қозғалтқышты өшірмейінше, шаңсорғышты розеткадан ажыратпаңыз. Ашаны розеткадан суырғанда бауынан тартпаңыз.

• Шаңсорғышты немесе желілік ашаны ылғал қолыңызбен ұстамаңыз.

• Контейнерден шаңды төгерде қоқысты шашып алмас үшін, контейнердің астыңғы қақпағының жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.

• Жуылған сүзгіні кепкенге дейін пайдаланбаңыз.

• Тұтанғыш жəне отындық заттарды сорғызбаңыз.

• Ыстық күлді жəне кескіш заттарды сорғызбаңыз.

• Су жəне басқа сұйықтарды сорғызбаңыз.

• Шаңсорғышты радиатор, пеш т.б. жылу көздерінен қашық ұстаңыз.

• Шаңсорғыш,қозғалтқышты қызып кетуден сақтау үшін, қауіпті жағдайда автоматты түрде ажырататын термотежегішпен жабдықталған.

Мұндай жағдайда шаңсорғышты желіден ажыратып, қызып кету себебін жойыңыз. Шаңжиғыштың толып кетпегендігін, сүзгінің шаңмен

бітеліп қалмағандығын немесе ауа жолына əлдебір зат тұрып қалмағандығын тексеріңіз. Құбырды, түтікті жəне кіру тесігін тексеріңіз.

Бітелген жерін тазартыңыз. Шаңсорғыштың салқындап, термотежегіштің бастапқы қалпына келуіне жобамен 1 сағ. уақыт керек. Сонан

кейін жұмысты қайта бастауға болады.

ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

ҚАЗАҚ ТІЛІ

A - НЕГІЗГІ ҚҰРАМА БӨЛШЕКТЕРІ

B - ШАҢСОРҒЫШТЫ ҚАЛАЙ ЖИНАУ КЕРЕК

C - ШАҢСОРҒЫШТЫ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК

A) Турбо-щетка (тек қана MC-CL673)
B) Едендік щетка (тек қана MC-CL671)
C) Жалғаулық ауыстырғыш
D) Түтік

E) Сору реттеуіші

F) Имек ауыстырғыш

G) Телескоптық құбыр (MC-CL673), (MC-CL671)

H) Түтіктің кіру тесігі

I

) Ажыратқыш батырмасы/Сору күшінің реттеуіші

J) Бау орағышының батырмасы

K) Тар саптама

L) Қаптамаға арналған щетка

M) Шығарым қақпағы

N) Аша

O) Шаңжиғыштың тұтқасы

P) Шаңжиғыштың қақпағы

Q) Негізгі сүзгі

R) Алдыңғы сүзгі

S) Шаңжиғыш

C-1

Желілік бауды суырып алып, ашаны розеткаға

қосыңыз.

ЕСКЕРТПЕ: Бұл өнімнің желілік бауды тартқан кезде іске

қосылатын автосүзгі функциясы бар. Желілік

бауды көбірек тартқан сайын, автосүзгінің

тиімділігі жоғарылайды. Сол себептен, шаң

сорғышты пайдаланған кезде желілік бауын

толық тартып шығаруду ұсынамыз.

C-2

Бау орағышының батырмасы (J)

Шаңжиғыш пен оның тұтқасын дұрыс орнатып, желілік

бауды барлық ұзындығына суырыңыз жəне розеткаға

қосыңыз. Бауды жинау үшін батырманы басыңыз.

Маңызды: Егер желілік бауды жаймен, бірқалыпты суырып

алу мүмкін болмаса, шаңжиғышты корпустан

ажыратып алыңыз да, ішін төгіп босатыңыз.

ЕСКЕРТПЕ: Желілік бауды жаймен, бірқалыпты

суыру үшін, алдымен құрылғыны желіден

ажыратыңыз. Негізгі сүзгіні айналып

кетпейтіндей етіп бекіту үшін, желілік

бауды, шаңжиғыштың тұтқасын баса тұрып

суыруыңызды ұсынамыз. Аша өзіңізге немесе

бұйымға тиіп кетпес үшін, оны ұстап тұрыңыз.

Ажыратқыш батырмасы/Сору күшінің реттеуіші (I)

Шаңсорғышты қосу немесе ажырату үшін осы батырманы

басыңыз. Бұл батырманы бұрап қуатын көбейтуге немесе

азайтуға да болады.

Соруды қолдап реттеу

Имек ауыстырғыш, сору күшін уақытша азайтуға

мүмкіндік беретін қол реттеуішімен жабдықталған.

C-3

Турбо-щетканың 3-позициялық ауыстырылуы.

(Тек қана MC-CL673)

Еден(паркет) - А белгісіне қойыңыз.

Кілем (қысқа түкті) – В белгісінде.

Кілем (ұзын түкті) – С белгісінде.

C-4

Кілемге жəне еденге ауыстырып қосу

(Тек қана MC-CL671)

Еден: А рычагын басыңыз.

Кілем: В рычагын басыңыз.

C-5

Имек ауыстырғыш, сору күшін уақытша азайтуға

мүмкіндік беретін қол реттеуішімен жабдықталған.

C-6

Тазалауды аяқтағаннан кейін шаңсорғыштың ашасын

розеткадан алып, бау орағышының аяқ батырмасын

басыңыз.

Желілік бауды орағанда ашаны зақымдап алмас үшін

оны ұстап тұрып, аяқ батырманы ортасынан басыңыз.

ЕСКЕРТПЕ: Егер желілік бауды орау қиынға соқса,

шаңжиғышты корпустан босатып алыңыз да, бау

орағыштың батырмасын тағы бір рет басыңыз.

C-7

Сақтау қалпы

Турбо-щеткаға жалғанған құбырдың тұтқасын негізгі корпустың

төменгі бөлігіндегі құбыр ұстағышқа тақап түйістіріңіз.

C-8

Тұрақтату қалпы

Жұмыс кезіндегі қысқа үзілістер үшін едендік щетканың

тұтқасындағы кертпені, шаңсорғыш корпусының артқы

панеліндегі тірек дөңесіне түйістіріңіз.

ЕСКЕРТПЕ: Тұрақтату қалпын пайдаланған кезде

шаңсорғышты өшіріп қоюды ұсынамыз.

B-1

Жалғаулық ауыстырғышты түтіктің кіру тесігіне енгізіп,
ауыстырғышты оңға бұрыңыз.

B-2

Телескоптық құбырдың жоғарғы ұшына түтікті енгізіңіз.
Телескоптық құбырды, оның дөңгелек тесігі түтіктің
ілгішіне тура келгенінше бұрыңыз. (Түтікті аларда, ілгішті
басып тұрып телескоптық құбырдан тартыңыз.)

Екінші ұшына турбо-щетканы кигізіңіз (үлгісіне
байланысты). (Қайта алу кері тəртіппен орындалады.)

(Тек қана MC-CL673)

B-3

Имек ауыстырғышты телескоптық құбырдың жоғарғы
ұшына енгізіп, оның екінші ұшына еден щеткасын
кигізіңіз.
(Тек қана MC-CL671)

B-4

Телескоптық құбырды тұтқасынан жəне ұзындық
реттеуішінен ұстап, қажетті ұзындығына дейін созыңыз.
(Тек қана MC-CL673)

B-5

Құбырды бір қолмен ұстап тұрып, екінші қолыңызбен
қажетті ұзындығына дейін созып алыңыз.
(Тек қана MC-CL671)

MC-CL673_V01Z4D007_0604.indd 6

MC-CL673_V01Z4D007_0604.indd 6

2007/06/04 18:19:48

2007/06/04 18:19:48

Advertising