Инструкция по эксплуатации Panasonic CS-HE12NKD

Страница 35

Advertising
background image

ҚАЗАҚША

35

АЛДЫН-АЛА ЕСКЕРТУ

АЛДЫН-АЛА ЕСКЕРТУ

ҚУАТ КӨЗІ

Егер қуат сымы зақымдалса, қауіпті

болдырмау үшін оны өндіруші, қызмет

көрсету өкілі немесе білікті тұлғалар

ауыстыруы керек.
Электр тоғына соғылуды немесе өртті

болдырмау үшін, жер жылыстауынан

автоматты түрде қорғайтын ажыратқышпен

(ELCB) немесе қалдық тоқты бақылау

құрылғысымен (RCD) бірге орнатылған жөн.
Шамадан көп қызып кетуді, өртті немесе

электр тоғына соғылуды болдырмау үшін:

• Тоқ ашасын розеткаға дұрыс кіргізіңіз.

• Тоқ ашасындағы тозаңды құрғақ

шүберекпен жиі сүртіп тұру қажет.

Кез келген қалыптан тыс жағдай/ақаулық

орын алған кезде өнімді пайдалануды

тоқтатыңыз жəне қуаттан ажыратыңыз

немесе желілі ажыратқышты өшіріңіз.

(Түтін/өрт/электр тоғына соғылу қаупі)
Қалыптан тыс жағдай/ақаулық мысалдары

• ELCB жиі тоқтап қалады.

• Бір нəрсе жанып жатқан иіс сезіледі.

• Құрылғының қалыптан тыс шуы немесе

тербелісі байқалады.

• Сыртқы құрылғыдан су жылыстайды.

• Электр сымы немесе ашасы шамадан көп

қызып кетеді.

• Желдеткіш жылдамдығын реттеу мүмкін

емес.

• Кондиционер іске қосылғанмен, дереу

тоқтап қалады.

• Желдеткіш тоқтатылғанымен, жұмыс істей

береді.

Техникалық қызмет көрсету/жөндеу үшін

жергілікті өкілге дереу хабарласыңыз.
Электр тоғына соғылу немесе өртті

болдырмау үшін осы жабдықты жерге

тұйықтау керек.
Электр тоғына соғылуды болдырмау үшін

құрылғыны мына жағдайларда тоқтан

ажыратып тастаңыз:

- Тазалау немесе қызмет көрсету алдында.

- Ұзақ пайдаланбау.

- Найзағайдың қалыптан тыс күшеюі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

ІШКІ БЛОК ЖƏНЕ СЫРТҚЫ БЛОК

ІШКІ БЛОК ЖƏНЕ СЫРТҚЫ БЛОК

Зақым немесе тот басуды болдырмау үшін, ішкі

құрылғыны сумен, жанармаймен, еріткіш немесе

тазалағыш ұнтақпен жумаңыз.
Дəлдік жабдығын, азық-түлікті, жануарларды,

өсімдіктерді, суреттерді немесе басқа заттарды

сақтау үшін пайдаланбаңыз. Бұл сапаны

төмендетуге əкелуі мүмкін.
Өрттің таралуын болдырмау үшін, ауа

айналымының шығысының алдында жанар

жабдықты пайдаланбаңыз.
Жарақатты болдырмау үшін өсімдіктерді немесе үй

жануарларын ауа айналымына жақын ұстамаңыз.
Өткір алюминий қырына тимеңіз, өткір

бөліктер жарақатқа əкелуі мүмкін.

Еденге жылтыратқыш лак төсеген кезде ішкі

құрылғыны қоспаңыз. Лак төсегеннен кейін

құрылғыны қоспас бұрын бөлмені толық желдетіп

алыңыз.
Құрылғыға зақым келтірмеу үшін құрылғыны майлы

жəне түтінді аумаққа орнатпаңыз.
Жарақаттың алдын алу үшін құрылғыны тазалау

мақсатында бөлшектемеңіз.
Жарақаттың алдын алу үшін құрылғыны тазалаған

кезде тұрақсыз орындыққа тұрмаңыз.
Құрылғыға гүлсауытты немесе су ыдысын

қоймаңыз. Құрылғыға су кіріп, оқшаулауды

төмендету мүмкін. Бұл электр тоғына соғылуға

əкелуі мүмкін.
Салқын/құрғақ күйінің жұмысы барысында терезені

немесе есікті ұзақ уақыт ашық қалдырмаңыз.
Су жылыстауын болдырмау үшін дренаж

түтіктерінің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз жəне

дренаж шығыстарын ағын су науаларынан,

ыдыстардан алшақ ұстап, суға батып кетпеуін

қадағалаңыз.
Кондиционерді ұзақ уақыт бойы немесе басқа

жылытқыш жабдықпен бірге пайданалған

болсаңыз, бөлмені үнемі желдетіп отырыңыз.
Ұзақ уақыт пайдаланудан кейін, құрылғының құлап

қалмауы үшін орнату тіреуінің күйін тексеріңіз.

ҚАШЫҚТАН БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫ

Никель-кадмий (Ni-Cd) батареяларды

пайдаланбаңыз.

Бұл қашықтан басқару құралын зақымдауы мүмкін.
Қашықтан басқару құралының ақаулығын немесе

зақымын болдырмау үшін:

• Егер құрылғы ұзақ уақыт бойы

пайдаланылмайтын болса, батареяларды алып

тастаңыз.

• Бір типті батареяларды өрістерін дұрыс келтіріп

салу керек.

ҚУАТ КӨЗІ

Электр тоғына соғылуды болдырмау үшін

штепсельді ажырату үшін сымды тартпаңыз.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: