Зарядтау ұстараны зарядтау – Инструкция по эксплуатации Panasonic ES-SL41

Страница 25

Advertising
background image

25

Қа

зақша

Тұтқышты пайдалану
Ұстараны тік немесе көлденең күйде сақтауға болады. Ұстараны

тасымалдаған кезде сыртқы қырыну торын қорғау және қосқыштың

қосылып кетуіне жол бермеу үшін тұтқышты пайдалануға болады.

•Ұстараны тасымалдаған кезде, тұтқышты бекітпес бұрын қырыну

қалдықтарын тазалаңыз.

Тұтқышты бекіту

Тұтқышты суретте көрсетілгендей бекітіңіз.

•Ұстарадағы төрт шығыңқы жерлердің барлығы

мықтап енгізілгенін тексеріңіз.

Тұтқышты шешу

Тұтқышты екі жағынан басып тұрып шешіп алыңыз.

Зарядтау

Ұстараны зарядтау

Ұстараның жылдамдығы төмендеген жағдайда, оны зарядтау үшін

мына қадамдарды орындаңыз.

Ұстараны тұтқыш бекітіліп тұрған кезде зарядтауға болады.

1

1

Ұстараны өшіріп, оны суретте

көрсетілгендей шерт еткен

дыбыс естілгенше айнымалы

тоқ адаптеріне салыңыз.

•Шеткі контактілерде су тамшылары қалған

болса, оларды сүртіп алыңыз.

•Ұстараны тоқ қосқышы қосылып тұрғанда

зарядтасаңыз, айнымалы тоқ адаптерінен

алған кезде ол жұмыс істей бастайды.

2

1

2

2

Айырды розеткаға қосыңыз.

Зарядтаудың көрсеткіш шамы қызыл түспен жанады.

•Зарядтау шамамен 8 сағаттан кейін аяқталады.

•Ұстараны алғашқы рет зарядтаған кезде немесе ол 6 айдан астам

қолданылмаса, зарядталу деңгейін көрсететін шам бірнеше минут

жанбауы немесе жұмыс уақыты азаюы мүмкін. Мұндай жағдайда,

оны 20 сағаттан аса зарядтаңыз.

3

3

Зарядтау аяқталғаннан кейін айырды

ажыратыңыз.

•Батареяны 8 сағаттан аса зарядтау оның өнімділігіне әсер етпейді.

•Қуаттауға ұсынылған қоршаған орта температурасы ‑ 0 °С ‑ 35 °С

құрау керек. Аса төмен немесе аса жоғары температурада

қуаттағанда, аккумулятор толығымен қуатталмай, немесе мүлде

қуатталмауы мүмкін.

•Зарядтаудың көрсеткіш шамы жанады да, айыр розеткадан

ажыратылғанша жанып тұрады.

Advertising