Маңызды ақпарат – Инструкция по эксплуатации Panasonic ES-SL41

Страница 23

Advertising
background image

23

Қа

зақша

Panasonic ES‑SL41 ұстарасын таңдағаныңызға рақмет. Біздің

ЫЛҒАЛ/ҚҰРҒАҚ технологиямыздың арқасында нәзік әрі

қарапайым қырынуға арналған Panasonic электр ұстарасын

құрғақ режимде ғана емес, душ немесе ванна бөлмелерінде

қолдануыңызға болады. Қолданбас бұрын барлық

нұсқауларды оқып шығыңыз.

Маңызды ақпарат

Бұл электр ұстарасы ішіне салынған аккумулятормен жабдықталған.

Оны отқа тастамаңыз, қыздырмаңыз, температурасы жоғары болған

жерлерде қуаттамаңыз және қалдырмаңыз.

Қолданар алдында

Мына ЫЛҒАЛ / ҚҰРҒАҚ режимді ұстара қырыну көбігін пайдаланып

ылғал қырынуға немесе құрғақ қырынуға мүмкіндік береді. Бұл су

өтпейтін ұстараны душта қолдануға және қырынып болған соң

сумен шайып тазалауға болады. Төменде көрсетілген белгі

ваннада немесе душта қолдануға болатынын білдіреді.

Кемінде үш апта көпіршікпен ылғал қырынуды пайдаланған соң өз

теріңіздің қаншалықты жақсарғанын байқайсыз. Панасоник ЫЛҒАЛ

/ ҚҰРҒАҚ режимді ұстарасын қолдануды үйренуге біраз уақыт

қажет, себебі сіздің теріңіз бен сақалыңыз қырынудың жаңа әдісіне

үйренуіне шамамен бір ай уақыт керек қылады.

Ұстараны колдану

Назар аударыңыз

Сыртқы торша өте жіңішке болып келеді, сондықтан оны

мұқият қолданбаса, тез зақымдануы мүмкін. Ұстараны

қолданбас бұрын торшаға зақым келмегенін тексеріңіз.

Торшаға зақым келген болса, ұстараны қолданбаңыз,

әйтпесе ол теріңізді кесіп кетеді.

•Қалыпты жұмыстан ауытқу немесе небір қателік болған кезде

қолдануды тоқтатыңыз.

•Сыртқы қыру торын ерініңізге немесе бетіңіздің басқа жеріне аса

күш салып, қолданбаңыз. Сыртқы қырыну торын безеулерге

немесе зақымдалған теріге тікелей қолданбаңыз.

•Ұстараны отбасыңыздың мүшелеріне немесе басқа адамдарға

қолдануға бермеңіз. Бұл жұқпалы ауруға немесе қабынуға әкеп

соғу мүмкін.

•Бұл құралды денелік, сенсорлық қабілеті шектеулі немесе

ақыл‑есі кем, не болмаса тиісті білімі мен тәжірибесі жоқ

адамдардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына болмайды.

Мұндай адамдардың құралды қолдануына олардың қауіпсіздігіне

жауапты тұлғалардың бақылауымен және құралды пайдалану

жөніндегі анық нұсқаулар берілгеннен кейін ғана қолдануына

болады. Балалардың құралмен ойнамауын қадағалау қажет.

Ұстараны зарядтау

•Айнымалы тоқ адаптерін ешқашан да ванна бөлмесінде немесе

душта қолданбаңыз.

•Тек арнайы айнымалы тоқ адаптерін (RE7‑73) қолданыңыз.

Арнайы айнымалы тоқ адаптерін басқа құрылғыларды зарядтау

үшін қолданбаңыз.

•Айырды дымқыл емес жердегі электр ұяшығына құрғақ

қолыңызбен қосыңыз.

•Айырды электр ұяшығынан ажыратқан кезде оны ұстап тұрыңыз.

Егер электр желісі сымынан тартсаңыз, ол зақымдалуы мүмкін.

•Сымы зақымдалған жағдайда айнымалы тоқ адаптері жойылу

керек.

Advertising