Қосу жəне пайдалану – Инструкция по эксплуатации Indesit KN1E17(W)-RU

Страница 30

Advertising
background image

30

Қосу жəне пайдалану

! Құрылғыны алғаш рет пайдаланғанда оны бос
күйінде есігін жауып, ең жоғарғы температурада
кемінде жарты сағаттай қыздырыңыз. Пешті
өшіріп, оның есігін ашпастан бұрын бөлменің
жақсы желдетілгенін тексеріңіз. Өндіру кезінде
қолданылған қорғағыш заттардың жанып кетуіне
байланысты жеңіл жағымсыз иіс шығуы мүмкін.

Пешті қосу

1. СЕЛЕКТОР тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам
дайындау режимін таңдаңыз.
2. ТЕРМОСТАТ тұтқасын бұру арқылы пісіру
режиміне ұсынылатын температураны немесе
қажетті температураны таңдаңыз.
Пісіру режимдері мен ұсынылатын пісіру
температураларын сипаттайтын тізімді қатысты
кестеден табуға болады («Пеште тағам пісіру
бойынша кеңестер кестесін» қараңыз
).

Тағам дайындау кезінде əрқашан мына əрекеттерді
орындауға болады:
• ТАҢДАУ тұтқасын бұрау арқылы қажетті тағам

дайындау режимін өзгерту.

• ТЕРМОСТАТ тұтқасын бұрау арқылы

температураны өзгерту.

• Толық пісіру уақытын жəне пісіруді аяқтау уақытын

орнату (төмендегі мəтінді қараңыз).

• ТАҢДАУ тұтқасын «0» позициясына бұрап, тағам

дайындауды тоқтату.

! Ешқашан пештің астыңғы жағына зат қоймаңыз;
бұл эмальді қабатты зақымдайды. Гриль-бар
істігімен пісірген кезде пеште тек 1-позицияны
қолданыңыз.

! Əрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)
ға қойыңыз.

! Өнімді пайдаланбас бұрын құрылғының
бүйірлеріндегі барлық пластикалық үлдірлерді алып
тастаңыз.

ТЕРМОСТАТ индикатор шамы

Ол жанса, демек пеш қызып жатыр. Пеш іші
таңдалған температураға жеткенде ол сөнеді. Шам
бір жанып, бір сөніп тұрғаны термостаттың жұмыс
істеп тұрғанын жəне температураны бір деңгейде
ұстап тұрғанын білдіреді.

Пеш шамы

ТАҢДАУ тұтқасын «0» позициясынан басқа кез
келген позицияға бұрағанда ол жанады. Пеш жұмыс
істеп тұрғанша, ол да жанып тұрады. Тұтқаның
көмегімен

параметрін таңдағанда ешбір қыздыру

элементі қосылмай, шам жанады.

Тағам дайындау режимдері

! Тек «ЕҢ ЖОҒАРЫ» қуат деңгейі ұсынылатын
ГРИЛЬ бағдарламасынан басқа, температура мəнін
барлық пісіру режимдері үшін 50°C пен «Ең жоғары»
аралығында орнатуға болады.

! Құрылғыны алғаш рет пайдаланған кезде
термостатты ең жоғары параметріне орнатып,
пештің есігін жабыңыз да, ішіне еш нəрсе салмай,
шамамен жарты сағат қойып қойыңыз. Одан
кейін, пеш есігін ашып, бөлмеге ауа жіберіңіз.
Осы алғашқы қолдану кезінде шығатын иіс пешті
орнатқанға дейін қорғау үшін қолданылатын
заттардың буға айналуынан болады.

Əртүрлі тағам пісіру функциялары екі тұтқаның
көмегімен орнатылады: таңдау тұтқасы мен
термостат тұтқасы. «0» санымен белгіленген күту
қалпынан басқа таңдау тұтқасының кез келген

параметрін орнатқанда пеш шамы жанады;

таңбасымен белгіленген тұтқа параметрі ешбір қыздыру
элементін қоспай-ақ, пеш шамын жандыруға мүмкіндік
береді. Пеш шамы жанған кезде, ол пеш пайдаланылып
жатқанын білдіреді жəне пеш пайдаланылып жатқан
бүкіл мерзім бойы ол жанып тұрады.

СТАТИКАЛЫҚ ПЕШ

Термостат параметрі: 50°C мен Ең жоғары
арасындағы кез келген параметр
Пеш шамы жанады да, жоғарғы жəне төменгі
қыздыру элементтері (кедергілер) қосылады.
Термостат тұтқасымен реттелетін температураға
автоматты түрде жетіп, термостат басқару
элементімен бір қалыпта ұсталады. Бұл функция
температураны керемет таратудың арқасында кез
келген тағамды пісіруге мүмкіндік береді.

ТӨМЕНГІ ҚЫЗДЫРУ ЭЛЕМЕНТІ

Термостат параметрі: 50°C мен Ең жоғары
арасындағы кез келген параметр
Пеш шамы жанады жəне төменгі қыздыру элементі
қосылады. Термостат тұтқасымен реттелетін
температураға автоматты түрде жетіп, бір қалыпта
ұсталады. Бұл параметрді сырты дайын, бірақ іші
əлі піспеген тағамдарды (табаға салынған) пісіруді
аяқтау немесе үстін сəл қызартуды қажет ететін
жеміспен не джеммен қапталған тəттілерді дайындау
үшін қолданған жөн. Бұл функция əрдайым осы пеш
параметрінде тағам пісіру үшін қажетті температураға
жетуге мүмкіндік бермейтінін ескеріңіз, тек 180°C-ты
қажет ететін бəліштерді дайындауға болады.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: