Тағам дайындау режимдері – Инструкция по эксплуатации Indesit 7OFIM-20-K.A-(BK)

Страница 28

Advertising
background image

Тағам дайындау режимдері

! Төмендегілерден басқа тағам дайындау режимдерінің

барлығына 60°C пен МАКС аралығында кез келген

температура мәні орнатылуы мүмкін

• ГРИЛЬ (кеңес: тек МАКС деңгейін орнатыңыз)

TRADITIONAL OVEN (ДАҒДЫЛЫ ПЕШ) режимі

Үстіңгі және астыңғы қыздыру э лементтері қосылады.

Тағам дайындаудың дағдылы режимін пайдаланғанда тек

бір тағам дайындау тартпасын пайдаланған дұрыс, бірден

көп тартпа қолданылғанда пеш ішіндегі температура

бірдей болмауы мүмкін.

КОНДИТЕР ТАҒАМДАРЫ режимі

Астыңғы қыздыру элементі іске қосылады.

Бұл режим жеңіл тағамдарды, әсіресе көтерілетін

торттарды (себебі астыдан келетін ыстық ашу процессіне

көмектеседі) пісіруге өте ыңғайлы.

Жоғарғы температураларға жету үшін едәуір уақыт

кетеді, сондықтан бұндай жағдайларда «ӘДЕТТЕГІ

ПЕШ» режимін пайдалану ұсынылады.

ҮСТІҢГІ ПЕШ режимі

Үстіңгі қыздыру элементі іске қосылады. Бұл режимді

тағамды дайындаудың аяғында қызарту үшін

пайдалануға болады.

GRILL (ГРИЛЬ) режимі

Үстіңгі қыздыру элементі іске қосылады. Грильдің аса

жоғары әрі тіке температурасы ет пен қақталған етті

жұмсақ түрде қалдыру үшін нәрін ішінде ұстай отырып,

олардың бетін қызартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ,

жоғары бет температурасын қажет ететін тағамдарға

грильді пайдаланған абзал: бифштекс, сиыр еті,

қабырға стейкі, белдеме, гамбургерлер және т.б...

Кейбір мысалдар “Тағам дайындау бойынша кеңес”

параграфында берілген. Осы режимде ас пісіргенде

пештің есігін әрқашанда жабық ұстаңыз.

28

KZ

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: