Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі – Инструкция по эксплуатации Samsung WF1802NFWS

Страница 90

Advertising
background image

2_ Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі

Жаңа samsung кір жуғыш

машинасының қызметі

Жаңа кір жуғыш машина сіздің кір жуу жайлы ойыңызды өзгертеді.

Өзінің керемет сапасының арқасында Samsung кір жуғыш машинасы

жалықтырған жұмысты сүйікті іске айналдырады.

• Балалардың киімін жуу жүйесі

Samsung кір жуғыш машинасында терісі сезімтал балалардың киімін қорғайтын, кір

жуу бағдарламасы бар.

Бұл бағдарламалар балалар терісінің тітіркену қаупін төмендетеді, себебі жуғаннан

кейін киімде кір жуғыш ұнтақтың аз ғана бөліктері қалады. Сондай-ақ бағдарламалар

кірді түріне қарай бөлуді қарастырады да, кір жуу кірдің сипаттамасына сәйкес жүзеге

асады.

• Қолмен жуу

Күтімді жуу сәйкес температураға, судың қажет көлеміне және іш-киімдерге жұмсақ

әсер етуге байланысты жүреді.

• Жылдам жуу

Әрбір минут санаулы! Біздің 15 минуттық Жылдам жуу мүмкіндігі жуып, ісіңізге

асығуға мүмкіндік береді. Жылдам жуу бағдарламамыз оқиғаға толы өміріңізді

ауыздықта ұстауға көмектеседі – сүйікті киімдеріңізді (2 кг-ға дейін) ендігі жерде бар

болғаны 15 минут ішінде жуа аласыз!

• Eco барабанын тазарту

Эко барабан тазалау бағдарламасы кір жуғыш машинаны ешбір химиялық жуғыш

зат немесе ағартқышты қолданбай таза ұстауға көмектеседі. Арнайы тазалау

бағдарламасының көмегімен кір жуғыш машина барабанын таза, әрі иіссіз етіп

ұстаңыз.

• Балалардан қорғайтын құлып

“Балалардан қорғайтын құлып” басқару панелінің бұғаттау қызметі балалардың

машина жұмысына араласпауына мүмкіндік береді.

Аталған қызметті қосқан кезде машинаны пайдалану процесі ойнап жүрген

балалардан қорғалып тұрады.

• Жууды кейін бастау

Бұл қызмет кір жуғыш машинасын өзіңізге ыңғайлы уақытта пайдалану үшін (арасы 1

сағаттан 19 сағаттан артық емес) кір жууды кейін бастауға мүмкіндік береді.

• Сандық графикалық дисплей

Сандық графикалық дисплейдің басқару панелі түсінікті және сабылысты азайту

үшін пайдалануға ыңғайлы етіп жасалған. Пайдалануды оңай еткенімен қоймай,

сандық графикалық дисплей керемет жуу нәтижелеріне қол жеткізу үшін жуу циклына

жылдам және дәл түзетулер жасауға мүмкіндік береді.

• Кең есік

Ерекше кеңейтілген есік қарауға ыңғайлы! Кірді оңай салуға және алуға, соның ішінде

төсек жабдықтары, сүлгі тәрізді үлкен заттарды оңай алып-салуға мүмкіндік береді.

WF1802NFWS-02974B-08_KK.indd 2

2014/5/23 15:37:51

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: