Қосымша, Киім жапсырмасындағы мәндерді сипаттау, Қоршаған ортаны қорғау – Инструкция по эксплуатации Samsung WF906P4SAGD

Страница 128: Стандарттарға сәйкестігі туралы хабарлау

Advertising
background image

40_ Қосымша

Қосымша

КИІМ ЖАПСЫРМАСЫНДАҒЫ МӘНДЕРДІ СИПАТТАУ

Төмендегі белгілер киімді қалай күту керектігін анықтайды. Күтім көрсету затбелгісінде келесі

таңбалар мынадай ретпен берілген: жуу, ағарту, кептіру және үтіктеу (және қажет болса құрғақтай

тазалау). Бұл шартты белгілерді отандық және шетелдік киім шығарушылар қолданады. Киім тез

тозбай, жуған кезде ешбір мәселе туындамас үшін, оның затбелгісіндегі нұсқауларды орындаңыз.

Тығыз мата

100°С-тан аспайтын

температурада үтіктеуге болады

Нәзік мата

Үтіктеуге болмайды

95°С температурадағы суда

жууға болады

Құрғақ химиялық тазалау кезінде

кез келген еріткішті пайдалануға

болады

60°С температурадағы суда

жууға болады

Тек перхлорид, оттыққа

арналған бензин, таза спирт

немесе R113 тазартқыш

құралын қолдану арқылы құрғақ

химиялық тазалау

40°С температурадағы суда

жууға болады

Тек авиация бензинін, таза спирт

немесе R113 тазартқыш құралын

пайдалану арқылы құрғақ

химиялық тазалау

30°С температурадағы суда

жууға болады

Құрғақ химиялық тазалауды

қолдануға болмайды

Тек қолмен жууға болады

Тегіс жерде кептіру

Тек құрғақ химиялық тазалау

Кептіру үшін жаюға болады

Суық суда ағартуға болады

Киімге арналған ілгіште кептіру

Ағартуға болмайды

Қалыпты температурада

кептіргіште кептіруге болады

200°С-тан аспайтын

температурада үтіктеуге болады

Төмен температурада

кептіргіште кептіруге болады

150°С-тан аспайтын

температурада үтіктеуге болады

Кептіргіште кептіруге болмайды

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Осы құрылғы екінші өңдеуге арналған материалдардан жасалған. Егер сіз құрылғыны лақтырып тастауға

шешім қабылдасаңыз, тұрмыстық қалдықтарды пайдаланудың жергілікті ережелеріне сүйеніңіз. Қуаттану

кабелін қуаттану көзіне қосылмайтындай етіп кесіңіз. Жануарлар мен кішкентай балалар құрылғының

ішінде қамалып қалмайтындай етіп, есігін алып тастаңыз.

Жуғыш затты өндіруші нұсқаулығында көрсетілген мөлшерден артық мөлшерде пайдаланбаңыз.

Дақ кетіргіштер мен ағартқыштарды қажет болған жағдайда ғана кір жуу циклін қосар алдында

қолданыңыз.

Кір жуу кезінде машинаға кірді толық салып (салынатын кірдің нақты мөлшері қолданылатын кір жуу

бағдарламасына байланысты болады) су мен электр энергиясын үнемдеңіз.

СТАНДАРТТАРҒА СӘЙКЕСТІГІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАУ

Аталған құрылғы еуропаның қауіпсіздік талаптарына, ЕС 93/68 директивасына және EN 60335

стандартына сәйкес келеді.

WF906P4SA-03205E-04_KK.indd 40

2013-12-17 11:20:08

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: