Инструкция по эксплуатации Samsung GW73ER-1
Страница 105
33
КАЗАҚ
АРНАЙЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
сАрыМАйды ерІту
50 г майды кішкене, шұңғыл шыны ыдысқа салыңыз. Пластик
қақпақпен жабыңыз.
750 Вт қуатпен 30-40 секунд ерігенше қыздырыңыз.
шОКОлАдты ерІту
100 г шоколадты кішкене, шұңғыл шыны ыдысқа салыңыз.
450 Вт қуатпен 3-5 минут ерігенше қыздырыңыз.
Ерітіп жатқанда бір немесе екі рет араластырыңыз. Пештен зат
аларда пеш қолғабын киіңіз!
түйІршІКтелІП ҚАтҚАн БАлды ерІту
20 г қатқан балды кішкене, шұңғыл шыны ыдысқа салыңыз.
300 Вт қуатпен 20-30 секунд бал ерігенше қыздырыңыз.
ЖелАтиндІ ерІту
Құрғақ желатин тақталарын (10 г) суық суға 5 минут салып қойыңыз.
Суы сорғыған желатинді кішкене, шыны пирекс ыдысына салыңыз.
300 Вт қуат бойынша 1 минут қыздырыңыз.
Ерітіп болғаннан кейін араластырыңыз.
БеЗендІрГІш/әрлеГІш ҚОсПА дАярлАу (тОрт Және
КОндитер өнІМдерІне АрнАлғАн)
Жылдам безендіргіш қоспаларға (шамамен 14 г) 40 г қант және
250 мл суық су араластырыңыз.
Бетін жаппай пирекс шыны ыдысына салып, 3½ - 4½ минут 750 Вт
қуатпен, безендіргіш қоспа мөлдір болғанша пісіріңіз. Пісіріп жатқанда
екі рет араластырыңыз.
тОсАП ҚАйнАту
600 г жемісті (мысалы, аралас жидек) өлшемі сай келетін, қақпағы
бар пирекс ыдысына салыңыз. 300 г қант салып, жақсылап
араластырыңыз.
Бетін жауып 10-12 минут 750 Вт қуатпен пісіріңіз.
Қайнатып жатқанда бірнеше рет араластырыңыз. Бұрама қақпағы
бар тосап банкасына тура құйыңыз. Қақпағын 5 минут жауып қоя
тұрыңыз.
ПуддинГ ҚАйнАту
Пуддинг ұнтағына, өндіруші нұсқауларына сай қант пен сүт қосып
(500 ml), жақсылап араластырыңыз. Қақпағы бар, жарамды шыны
пирекс ыдысын қолданыңыз. Бетін жауып 6½ - 7½ минут 750 Вт
қуатпен пісіріңіз.
Қайнатып жатқанда бірнеше рет жақсылап араластырыңыз.
БАдАМ ЖАҢғАғы үлПеКтерІн ҚыЗАрту
30 г жапырақталып туралған бадам жаңғағын, орташа үлкендіктегі
керамимка табаға біркелкі таратып салыңыз.
3½ - 4½ минут 600 Вт қуат бойынша қызартып жатқанда бірнеше рет
араластырыңыз.
Пеш ішіне 2-3 минут қоя тұрыңыз. Пештен зат аларда пеш қолғабын
киіңіз!
GW73ER-1_BWT-03860A_KZ.indd 33
2010-09-06 �� 6:50:51