Жууды кейін бастау, Сандық графикалық дисплей, Кеңінен ашылатын есік – Инструкция по эксплуатации Samsung WF1802XFW

Страница 91

Advertising
background image

Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі _

3

Жууды кейін бастау

Бұл қызмет кір жуғыш машинасын өзіңізге ыңғайлы уақытта пайдалану үшін (арасы 1

сағаттан 19 сағаттан артық емес) кір жууды кейін бастауға мүмкіндік береді.

• Сандық графикалық дисплей

Сандық графикалық дисплейдің басқару панелі түсінікті және сабылысты азайту

үшін пайдалануға ыңғайлы етіп жасалған. Пайдалануды оңай еткенімен қоймай,

сандық графикалық дисплей керемет жуу нәтижелеріне қол жеткізу үшін жуу циклына

жылдам және дәл түзетулер жасауға мүмкіндік береді.

Кеңінен ашылатын есік

Кеңінен ашылатын есігі қарауға ыңғайлы! Енді төсек жабдықтары, орамал және

т.б. сияқты көлемді заттарды да машинаға салып, шығару ешқандай қиындық

тудырмайды.

• Су ішекқұбыры және судың аққанын анықтайтын сенсор

(кейбір түрлерінде бар)

Samsung кір жуғыш машиналарының ақылды түрде жасалған су қауіпсіздігінің жүйесі

судың ағуын дәл ағатын тұсынан тоқтатуға арналған ақылды ішекқұбырды және

машинаның төменгі жағында орналасқан судың аққанын анықтайтын сенсорды

қамтиды. Егер ішекқұбыр жыртылып кетсе немесе судың аққаны байқалса, судың

түтікшеден ағуын тоқтату үшін ішкі су сіңіргіш жөкені шығарады.

Керамикалық жылытатын бөлігінің сенімділігі өте жоғары

және үнемді (кейбір түрлерінде бар)

Жаңа керамикалық жылытатын бөлік қарапайым жылытатын бөліктерге қарағанда

екі есе сенімді, бұл жөндеуге кететін шығын мөлшерін азайтады. Сондай-ақ мұндай

жылытатын бөлікке қатты судан қақ тұрып қалмайды және ол электр энергиясын

үнемдеуге көмегін тигізеді.

Бұл нұсқаулықта Samsung кір жуғыш машинасын орнату, қолдану және күту бойынша

маңызды ақпараттар бар. Онда басқару панелі қалай жұмыс істейтіндігін, кір жуғыш

машинаның мүмкіндіктері мен барлық қызметтерін қалай қолдану керектігін біле аласыз.

37 беттегі

«Ақаулықтарды жою және қате туралы хабарламаларды оқу» бөлімінде

бүлінулер болған жағдайда не жасау керек екендігі көрсетілген.

WF1802XF_DC68-03061F-07_KK.indd 3

2014/5/23 11:05:52

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: