Инструкция по эксплуатации Samsung GW711KR

Страница 64

Advertising
background image

16

КАЗАҚ

Тағам

Мөлшері Уақыт

(мин)

Қоя тұру

уақыты

(мин)

Нұсқаулар

Порей пиязы

250 г

5-5½

3

Порей пиязын қалың етіп

жапырақтап тураңыз.

Саңырауқұлақ

125 г

250 г

1½-2

3½-4

3

Бүтін кішкене

саңырауқұлақтарды

немесе туралған

саңырауқұлақтарды

алыңыз. Су қоспаңыз.

Лимон шырынын

себіңіз. Тұз, бұрыш

салыңыз. Үстелге суын

сорғытқаннан кейін

тартыңыз.

Пияз

250 г

5-6

3

Пияздарды тураңыз

немесе екіге бөліңіз. Тек

15 мл (1 ас қасық) су

қосыңыз.

Бұрыш

250 г

4½-5

3

Бұрышты кішкенелеп

бөліңіз.

Картоп

250 г

500 г

5-6

9-10

3

Қабығы аршылған

картоптың салмағын

өлшеп алып, кішкенелеп

екіге немесе төртке

бөліңіз.

Кольраби

орамжапырағы

250 г

5-5½

3

Кольраби

орамжапырағын кішкене

текшелерге бөліңіз.

ҚЫЗДЫРУ

Микротолқынды пеш тағамды әдеттегі конвекция пеші немесе электр

пештерінде жұмсалатын уақыттың аз мөлшерін ғана пайдаланып

тағамды лезде қыздырады.

Төмендегі кестеде көрсетілген қуат мәні мен қыздыру уақыттарын

жалпылама нұсқау ретінде қолданыңыз. Кестедегі уақыт сұйық

тағам +18-ден +20 °C дейінгі бөлме температурасында, немесе

тоңазытылған тағамның температурасы +5 градустан +7 °C градус

деген есеппен берілген.
Орналастыру және бетін жабу

Еттің үлкен кесегі тәрізді үлкен тағамдарды қыздырудан сақ болыңыз

– олардың ішкі жағы піскенше сырты қатты пісіп, кебірсіп қалуы

мүмкін. Тағамды кішкене мөлшерде қыздырсаңыз, нәтижесі соғұрлым

жақсырақ болады.
Қуат мәндері және тағамды араластыру

Кейбір тағамды 750 Вт қуатты қолданып, кейбірін 600 Вт, 450 Вт

немесе тіпті 300 Вт қуатты қолданып қыздыруға болады.

Кестедегі ұсыныстарды қараңыз. Жалпы, тағам баппен пісіруді қажет

етсе, үлкен мөлшерде дайындалса немесе тез қызып кететіндей

болса (мысалы, фарш қосылған бәліш), бұндай тағамдарды төмен

қуатпен қыздырған дұрыс.

Жақсылап араластырыңыз немесе қыздырып жатқан кезде

аударыңыз. Мүмкін болса, үстелге қоярдың алдында тағы да

араластырыңыз.

Сұйық тағам немесе баланың тағамын қыздырғанда ерекше абай

болыңыз. Сұйық тағам кенет тасып төгіліп, адам соған күйіп қалмас

үшін, тағамды қыздырардың алдында және қыздырып болғаннан

кейін араластырыңыз. Оларды микротолқынды пештің ішіне, қоя

тұру уақыты аяқталғанша қоя тұрыңыз. Пластик қасық немесе шыны

қалақты сұйық заттарға салып қоюды ұсынамыз. Тағамды қатты

қыздырудан (іске алғысыз болмас үшін) сақ болыңыз.

Пісіру уақытын аз есептеп, қажет болса, қосымша уақыт қосып қоя

тұрыңыз.

GW711KR_BWT_03895A_KZ.indd 16

2010-12-24 1:36:03

Advertising