Инструкция по эксплуатации Samsung GW711KR

Страница 53

Advertising
background image

5

КАЗАҚ

АСҚЫН МИКРОТОЛҚЫН ҚУАТЫНЫҢ ӘСЕРІНЕ

ҰШЫРАМАУ ҮШІН САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН

ОРЫНДАҢЫЗ.

Төмендегі сақтық шаралары орындалмаса, микротолқын қуатының

қатеріне ұшырауыңыз мүмкін.

(a) Ешқашан есігі ашық тұрған пешті іске қосам деп әрекет

жасауға немесе қауіпсіздік тетігін (есіктің бекітпесі) бұзуға

немесе қауіпсіздік тетігінің саңылауларына бөгде зат сұғуға

болмайды.

(b) Пештің есігі мен алдыңғы жағының арасына ештеңе

қыстырмаңыз немесе тығыздағыштарға тағам немесе

тазалағыш заттың қалдықтары жиналуына жол бермеңіз. Есік

пен есік тығыздағышының беттерін, пешті қолданып болғаннан

кейін дымқыл шүберекпен сүртіп, содан кейін жұмсақ, құрғақ

шүберекпен тазалаңыз.

(c) Пеш бұзылып қалса, оны өндіруші тарапынан

микротолқынды пешті жөндеу бойынша дайындықтан өткізілген

техник жөндемейінше іске қоспаңыз. Пеш есігінің дұрыс

жабылуы мен төмендегілерге еш нұқсан келмеудің ерекше

маңызы бар:
(1) Есік (майысқан)
(2) Есіктің топсалары (сынық немесе босап қалған)
(3) есіктің тығыздағышы және тығыздағыш беттер

(d) Бұл пешті өндіруші тарапынан микротолқынды пешті

жөндеу бойынша дайындықтан тиісті түрде өткізілген техниктен

басқа адам жөндеуге тиіс емес.

Бұл 2-ші топтағы, B санатына жататын ISM құрылғысы. 2-ші

топқа радио-жиіліктегі қуатты электромагнитті сәуле ретінде,

материалдарды өңдеу үшін арнайы шығаратын ISM құрылғыларының

барлығы, сондай-ақ EDM және доғамен дәнекерлейтін құрылғылар

да жатады.

B санатына тұрмыста қолдануға арналған немесе төмен кернеулі

желіге тіке жалғанған тұрғын үй кешендерінде қолданылатын

құрылғылар жатады.

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР

Осы қауіпсіздік нұсқауларының орындалуына әрқашан назар

аударыңыз.

ЕСКЕРТУ

Микротолқынды пешті тек білікті маман ғана

өзгертуге немесе жөндеуге тиіс.
Тұмшаланып жабылған сауыттардағы

сұйық заттарды және басқа тағамдарды

қыздырмаңыз.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін,

жоғары қысымдағы су бүріккіш немесе бумен

тазалайтын құралдарды қолданбаңыз.
Бұл құрылғыны қыздырғыштың, тұтанғыш

заттың қасына орнатпаңыз; ылғалды,

майлы немесе шаңды жерге қойып немесе

күн сәулесі тура түсетін және су ағатын

немесе газ шығатын жерге; тегіс емес жерге

қоймаңыз.
Бұл құрылғыны жергілікті және мемлекеттік

ережелерге сай дұрыс жерге қосу керек.
Құрылғының ашасы қосылатын ағытпалар

мен контакттарын, шаң немесе су тәрізді

басқа заттардан құрғақ шүберекті қолданып

мезгіл-мезгіл тазалап отырыңыз.
Қуат сымын тартпаңыз немесе қатты

майыстырмаңыз немесе үстіне ауыр зат

қоймаңыз.
Газ шығып кеткен кезде (мысалы, пропан,

сұйылтылған газ т.с.с.) құрылғы ашасына қол

тигізбей, бөлмені дереу желдетіңіз.
Ашаны дымқыл қолмен ұстамаңыз.

Іске қосылып тұрған құрылғыны ашасынан

тартып электр желісінен ағытуға болмайды.

GW711KR_BWT_03895A_KZ.indd 5

2010-12-24 1:35:54

Advertising