Құрылғының негізгі функциялары – Инструкция по эксплуатации Samsung CTR164N026

Страница 91

Advertising
background image

бөлшектері мен функциялары _19

БӨЛШЕК

ТЕРІ

МЕН

Ф

УНКЦИЯ

ЛАРЫ

ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ

• Керамика пісіру алаңы: Құрылғының керамика пісіру беті және төрт жылдам

пісіру алаңдары бар. Пеш үстінің қызуды күшті шығаратын қыздырғыш

элементтері, пісіру алаңдарын қыздыруға кететін уақытты әжептәуір

азайтады.

• Сенсорлық түймешіктер: Құрылғыңыз сенсорлық түймешіктердің көмегімен

басқарылады.

• Оңай тазалау: Керамика пісіру алаңы мен басқару түймешіктерінің бір

артықшылығы, оларға оңай қол жеткізіп тазалауға болатындығында. Майда,

біртегіс бетті тазалау оңай.

• On/Off түймешігі: “On/Off” сенсор түймешігі, құрылғыны желіден ағытудың

қосымша құралы болып табылады. Осы түймешікті басқан кезде, қуат мүлдем

ажырайды немесе толық қосылады.

• Басқару және функция индикаторлары: Сандық бейнебеттер мен

индикаторлар, параметрлер және іске қосылған функциялар туралы ақпарат

береді, сондай-ақ әр түрлі пісіру алаңында қалдық қызу бар-жоғын көрсетеді.

• Автоматты сөндіру: Автоматты сөндіру функциясы, егер белгілі бір уақыт

өткеннен кейін параметрлерге өзгеріс енгізілмесе, пісіру алаңдарының

барлығын автоматты түрде сөндіру қызметін атқарады.

• Қалдық қызу индикаторы: Пісіру алаңы адам күйіп қаларлықтай ыстық

болса, бейнебетте қалдық қызу индикаторы көрсетіледі.

• Қос шығырықты пісіру алаңы:Пісіру алаңы екі шығырықты пісіру алаңынан

тұрады. Бұл құрылғыны өлшемдері әр түрлі пісіру алаңдарымен қамтамасыз

етеді; мысалы кішкене ыдыс үшін кіші шығырық қолданылады. Бұл қуатты

үнемдеуге көмектеседі.

• Көп мүмкіндікті пісіру алаңы: Пештің үсті көп мақсатқа арналған / кәстрөлге

арналған пісіру алаңымен жабдықталған. Параметрдің орнатылуына қарай

бұны дөңгелек немесе сопақ пісіру алаңы ретінде қолдануға болады, мысалы

сопақ кәстрөлге пісіру немесе тағамды жылы ұстау үшін қолдануға болады.

• Сандық бейнебеттер: Төрт пісіру алаңының төрт бейнебеті бар.

Бейнебетте төмендегі ақпарат көрсетіледі:

-

құрылғы қосулы,

-

таңдалған қызу параметрлері үшін,

-

қалдық қызу,

-

бала қауіпсіздігінің құралы қосулы.

-

қате туралы хабар, түймешік 10 секундтан көп уақыт басылған.

-

теріс іске қосуға байланысты пештің үсті қызып кетсе қате туралы

хабар көрсетіледі.

CTR164N026_BWT_00247B-03_KK.indd 19

7/11/2555 15:57:09

Advertising