Инструкция по эксплуатации Samsung ME731KR

Страница 58

Advertising
background image

10

ҚАЗАҚША

АҚАУЛЫҚ ТУЫНДАСА НЕМЕСЕ КҮМӘН ПАЙДА

БОЛСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

Төмендегі ақаулықтардың бірі орын алса, көрсетілген шешімдерді қолданып

түзетіп көріңіз.
Бұл қалыпты жағдай.

Пештің ішінде конденсат пайда болады.

Есіктің айналасы мен корпустың сыртынан жел үрлейді.

Есіктің айналасы мен корпус сыртында жарық шағылысады.

Есіктің маңайы мен саңылаулардан бу шығады.
Пеш Старт (Бастау) ( ) түймешігін басқан кезде пеш іске қосылмайды.

Есік әбден жабылды ма?
Тағам мүлде піспеген.

Таймерді дұрыс орнаттыңыз ба және Старт (Бастау) ( ) түймешігі

басылды ма?

Есік әбден жабылды ма?

Электр желісінің жүктемесін артып, сақтандырғыш жанып немесе

айырып-қосқыш іске қосылған жоқ па?

Тағам қатты пісіп кеткен немесе шала піскен.

Тағамның түріне сай келетін пісіру уақыты орнатылды ма?

Осы тағамның түріне сай келетін қуат мәні таңдалды ма?
Пештің ішінде жарқыл және сытыр пайда болады.

Металл жиегі бар ыдысты қолдандыңыз ба?

Шанышқы немесе басқа металл ас құралы пештің ішінде қалып қойған

жоқ па?

Алюминий фольга пештің ішкі қабырғаларына өте жақын орналасқан жоқ

па?

Микротолқынды пеш радио немесе теледидарға бөгеуіл жасайды.

Микротолқынды пеш жұмыс істеп тұрған кезде теледидар мен радиода

аздаған бөгеуіл пайда болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Бұндай мәселе

орын алмау үшін пешті теледидардан, радиодан және антеннадан алыс

орнатыңыз.

Пештің микропроцессорына бөгеуіл әсер етсе, бейнебет параметрлері

бастапқы қалпына келуі мүмкін. Бұндай мәселені шешу үшін қуат сымына

ағытып, қайта қосыңыз. Уақытты қайта қойыңыз.

Жоғарыда көрсетілген ақыл-кеңес ақаулықты түзетуге

көмектеспесе, жергілікті дилерге немесе SAMSUNG тұтынушыға

қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

ТАҒАМ ПІСІРУ ЖӘНЕ ҚЫЗДЫРУ

Төменде тағамды қалай пісіруге немесе қыздыруға болатындығы

туралы айтылған.

Пешті қараусыз қалдырардың алдында ӘРҚАШАН параметрлерін

тексеріңіз.

Тағамды бұрылмалы табақтың ортасына қойыңыз да, есікті жабыңыз.
1. СВЧ түймешігін басыңыз.

Нәтижесінде: бейнебетте ең үлкен қуат мәні

800 Вт көрсетіледі.

СВЧ түймешігін қажетті қуат

мәнін таңдағанша басыңыз. Қуат мәндері

көрсетілген кестені келесі беттен қараңыз.

2. Тағам дайындау уақытын 10 мин, 1 мин және

10 сек түймешіктерімен таңдаңыз.

3. Старт (Бастау) ( ) түймешігін басыңыз.

Нәтижесінде: пештің жарықтамасы жанады,

бұрылмалы табақ айнала

бастайды.

Пештегі тағам пісе бастайды, пісіп болғаннан кейін

төрт рет дыбыстық сигнал естіледі.

Бос тұрған микротолқынды пешті ешқашан қоспаңыз.

ME731KR,ME732KR,ME733KR_BWT_DE68-03893L-03_KZ.indd 10

2013-11-28 �� 10:43:26

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: