Орнату, Қуат қосылымы – Инструкция по эксплуатации Samsung BFN1351T

Страница 48

Advertising
background image

Казақ - 8

орнату

Орнатуға арналған қауіпсіздік нұсқаулары

Бұл пешті тек уәкілетті электр маманы ғана орнатуға тиіс. Құрылғыны электр желісіне, тиісті

қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты ұсыныстарды орындай отырып жалғауға орнатушы міндетті.

Пешті орнатқан кезде, оның кернеулі бөліктерінен сақтандыру керек.

Пеш орнатылатын ас үй жиһазы DIN 68930 стандартында көрсетілген орнықтылық ережесінің

талабына сай болуы керек.

Қуат қосылымы

Егер құрылғы электр желісіне аша арқылы жалғанбаса, қауіпсіздік

стандарттарына сай келу үшін көп-полюсті айырып-қосқышпен

(контакттарының арасы кем дегенде 3 мм) жабдықталуға тиіс. Қуат

сымының (H05 RR-F немесе H05 VV-F, мин., 2,5 мм²) ұзындығы,

тіптен пеш ас үй жиһазының алдыңғы жағындағы еденде тұрса да,

пешті тоқ көзіне жалғау үшін жеткілікті болуға тиіс. Пештің артқы

жағында орналасқан қуат қосылымы қақпағын бұрандамен бұрап

ашыңыз да, кабель қапсырмасының бұрандаларын, қуат сымдарын

тиісті ағытпаларға жалғар алдында босатыңыз. Пеш ( )-ағытпасы арқылы жерге қосылады.

Сары және жасыл сымды (жерге қосылатын) бірінші жалғау керек және бұлар басқа сымдардан

ұзын болуға тиіс. Егер пеш электр желісіне аша арқылы жалғанса, бұл аша тіптен пешті орнатып

болғаннан кейін де қол жететін жерде тұруға тиіс. Samsung компаниясы жерге қосылмаған

немесе теріс қосылған құрылғы үшін жауапкершілік көтермейді.

ЕСКЕРТУ: Орнату барысында қосылатын сымның қыстырылып қалуына және

пештің ыстық бөліктеріне тиіп кетуіне жол бермеңіз.

Ас үй жиһазына орнату
Ас үй жиһазына кіріктіріп орнату керек болса, пештің үй жиһазының ішіндегі пластик беттері мен

желім 90 °C градусқа және көршілес жиһаздарға жақын жерлері 75 °C градусқа төзімді болуға

тиіс. Қызудың әсерінен пластик беттерге немесе желімдерге нұқсан келсе Samsung ешбір

жауапкершілік көтермейді.
Пеш қойылатын ас үй жиһазының табанында желдеткіш саңылау болуға тиіс. Астыңғы сөре

мен тірегіш қабырға арасында желдету үшін 50 мм бос орын қалдыру керек. Пешті пеш үстінің

астына орнату керек болса, пеш үстін орнату бойынша нұсқауларды орындау керек.

595

370

560

545

21

595

Ең көбі 50

Ең кемінде 550

Ең кемінде 560

Ең кемінде 50

Ең кемінде 590 ~

Ең көбі 600

Ең кемінде 460 x

Ең кемінде 50

Ішіне кіріктірілген

550

572

Ішіне кіріктірілген +

Астына кіріктірілген

595

370

560

545

21

115

595

175

Ең көбі 464

Ең кемінде 550

Ең кемінде 560

Ең кемінде 600

Ең кемінде 460 x Ең кемінде 50

Астына кіріктірілген

Ең көбі 476

550

572

Құрылғыны ас үй жиһазына әбден итеріп кіргізіп, 2 бұранданың көмегімен пештің екі жағын

әбден бекітіңіз. Құрылғы мен көршілес тұрған ас үй жиһазының арасында кем дегенде 5 мм

орын қалуын қамтамасыз етіңіз.

ҚОҢЫР

немесе ҚАРА

КӨК

немесе АҚ

САРЫ және

ЖАСЫЛ

NV70F35,NV66F35,BF1,BFN Series_BWT_DG68-00191F-03_KK.indd 8

2014-07-11 11:17:21

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: