Инструкция по эксплуатации Samsung NV70H3350CE-WT

Страница 46

Advertising
background image

Казақ - 6

Егер құрылғының бумен пісіретін функциясы бар болса, сумен жабдықтайтын түтікшеге

нұқсан келген жағдайда құрылғыны іске пайдаланбаңыз. (Бу функциясы бар үлгіге ғана

қатысты)
Су құятын түтікшеге сызат түссе не сынса, оны қолданбаңыз, жақын қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз. (Бу функциясы бар үлгіге ғана қатысты)
Бұл пеш тек үйде тағам пісіруге ғана арналып жасалған.
Пеш іске қосылып тұрғанда, оның ішкі беті күйгізіп жіберерліктей ысып тұрады. Пештің

қыздырғыш элементтеріне немесе ішкі бетіне салқындағанша қол тигізуге болмайды.
Пештің ішіне ешқашан тұтанғыш зат салып сақтауға болмайды.
Құрылғы ұзақ уақыт жоғары температурада жұмыс істеген кезде, оның беті қызып

тұрады.
Тағам пісіру барысында есікті абайлап ашыңыз, себебі ыстық ауа және бу кенет шығып

кетуі мүмкін.
Құрамына алкоголь қосылған тағамды пісірген кезде, алкоголь жоғары температурада

буланып ұшып, егер пештің ыстық бөлшегіне тисе өрт шығуы мүмкін.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін, жоғары қысымдағы су бүріккіш немесе бумен

тазалайтын құралдарды қолданбаңыз.
Пеш іске қосылып тұрған кезде, балаларды қауіпсіз жерде алыс ұстау керек.
Пицца тәрізді мұздатылған тағамды үлкен торға салып пісіру керек. Егер пісіру науасын

қолдансаңыз, температураның айырмашылығының тым көп болғандығына байланысты

деформацияланып қалуы мүмкін.
Ыстық тұрған пештің табанына су құймаңыз. Себебі эмаль қаптама бүлінуі мүмкін.
Тағам пісіру барысында пештің есігі жабық тұруға тиіс.
Пештің табанын алюминий фольгамен қаптамаңыз және оған пісіру науасын немесе

қалбырын қоюға болмайды. Алюминий фольга қызудың шығуына бөгет жасап,

нәтижесінде эмаль қаптама бүлінуі және тағам дұрыс піспей қалуы мүмкін.
Жеміс шырыны пештің эмаль қаптамасына кетпейтін дақ қалдыруы мүмкін. Өте сұйық

қоспадан жасалған тортты пісіру үшін шұңғыл табаны қолданыңыз.
Пештің ашық тұрған есігінің үстіне тағам пісіретін ыдыстарды қоймаңыз.
Кішкене балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек.
Есікті ашып-жапқан кезде балаларды алыс ұстаңыз, себебі олар есікке соғылып қалуы

немесе саусақтарын есікке қыстырып алуы мүмкін.
Есікке сүйенбеңіз, отырмаңыз, ауыр зат қоймаңыз немесе оны баспаңыз.
Есікті шамадан тыс көп күшпен ашпаңыз.

ЕСКЕРТУ: Құрылғыны тағам пісіріп болсаңыз да электр тоғынан ажыратпаңыз.

ЕСКЕРТУ: Пеште тағам пісіп жатқан кезде есігін ашып қоюға болмайды.

NV70H3350CE_WT_DG68-00534A-01_KK.indd 6

2014-07-15 4:22:03

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: