Сақтандыру шаралары, Орнатуға қатысты ескертетін маңызды ақпараттар – Инструкция по эксплуатации Samsung WF9590NFJ-YLP

Страница 86

Advertising
background image

6_ Сақтандыру шаралары

ОРНАТУҒА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТЕТІН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАР

Бұл құралды орнатуды білікті техник немесе қызмет көрсететін компания

жүзеге асыруы керек.

- Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына, өртенуге, жарылысқа,

бұйымның істен шығуына немесе жарақат алуға əкелуі мүмкін.

Бұл машинаның салмағы ауыр, оны қалай көтеруді ойластырыңыз.
Қуаттану шнурын 220 В, 50 Гц, 15 А ауыспалы тогінің қабырға

розеткасына қосыңыз да, бұл розетканы тек осы машинаны қосу үшін

қолданыңыз. Сондай-ақ ұзартқыш сым қолданбаңыз.

- Тройник немесе қуаттану шнурын ұзарту арқылы қабырға розеткасына

басқа аспапты бір уақытта қосу электр тоғының соғуына немесе

өртенуге əкелуі мүмкін.

- Қуаттылығы, жиілігі жəне ток күші бұйымның техникалық

сипаттамасында көрсетілген мəндерге сəйкес келетіндігіне көз

жеткізіңіз. Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе

өртенуге əкеп соғуы мүмкін. Қуаттану айыры қабырға розеткасында

орнықты тұруы керек.

Қуаттану айырының байланысатын жерінен жəне байланыс қабатынан бөтен

заттарды, мысалы, шаң немесе суды құрғақ матамен сүртіп отырыңыз.

- Қуаттану айырын шығарып алып, оны құрғақ матамен тазалаңыз.

- Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртенуге

əкелуі мүмкін.

Қуаттану айырын шнуры еденге қарай түсетіндей етіп, қабырға

розеткасына дұрыс қосыңыз.

- Егер сіз қуаттану айырын розеткаға қуаттану шнуры қарсы бағытта

болатындай етіп қосатын болсаңыз, онда шнурдағы электр желісі

бүлініп, электр тоғының соғуына немесе өртенуге əкелуі мүмкін.

Барлық қаптау материалдарын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз,

себебі қаптау материалдары олар үшін қауіпті болуы мүмкін.

- Егер сəби басын қалташаға тығып алса, нəтижесінде тұншығып қалуы

мүмкін.

Егер осы машина, не қуаттану айыры немесе қуаттану шнуры бүлінген

болса, жақын маңда орналасқан қызмет көрсету орталығымен байланысыңыз.

Бұл машина жерге берік байланысылуы керек.

Машинаны газбен қамтамасыз ету құбыры, су құбырының пластмасса түтігі

немесе телефон желісі арқылы жерге байланыстырмаңыз.

- Бұл электр тоғының соғуына, өртенуге, жарылысқа немесе бұйымның

жұмыс істемей қалуына əкелуі мүмкін.

- Жерге дұрыс қосылмаған розеткаға қуаттану шнурын қоспаңыз.

Жерге байланыстыру жергілікті жəне мемлекеттік ережелерге сəйкес

келетіндігіне көз жеткізіңізs.

Бұл машинаны жылытқыш құралдар мен жанғыш материалдардың жанына

орналастырмаңыз.

Машинаны ылғалды, май, шаң жерге немесе күн сəулесі жəне су тікелей

түсетін (мысалы, жаңбыр тамшысының астына) жерге орналастырмаңыз.
Бұл машинаны температурасы төмен жерлерге орнатпаңыз.

Сақтандыру шаралары

ЕСКЕРТУ

WF8592FF-02610L-04_KK.indd 6

2011-5-2 11:04:40

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: