Жууды кейін бастау» қызметі, Циклды ауыстырғышты пайдалана отырып кір жуу – Инструкция по эксплуатации Samsung WF9590NFJ-YLP

Страница 105

Advertising
background image

Кір жуу _25

02
КІР ЖУУ

«Жууды кейін бастау» қызметі

Кір жуғыш машина кір жууды автоматты түрде кейінірек аяқтау үшін, 3

сағат пен 19 сағат аралығындағы (арасы 1 сағаттан) уақытты таңдап,

кір жуғыш машинаны бағдарламалап қоюға болады. Көрсетілетін уақыт

– кір жуудың аяқталу уақыты.

1. Жуылатын кірдің матасына қарай кір жуғыш машинаға қолмен немесе

автоматты түрде бағдарлама орнатыңыз.

2. Қажетті уақыт орнағанға дейін Кейін бастау түймешесін бірнеше рет

басыңыз.

3. Старт/Пауза түймешесін басыңыз. «Кейін бастау » индикаторы

жанады да, сағат кір жууды аяқтау уақытына қарай азая бастайды.

4. «Кейін бастау» қызметін тоқтату үшін, Қосу түймешесін басыңыз

содан кейін, кір жуғыш машинаны қайтадан қосыңыз.

Циклды ауыстырғышты пайдалана отырып кір жуу

Samsung компаниясы шығарған Fuzzy Control кір жууды автоматты басқару

жүйесінің арқасында кір жуу оңай, əрі ұнамды іс болады. Кір жуу

бағдарламасын таңдаған кезде машина дұрыс температураны, кір жуу

уақыты мен жылдамдығын өзі белгілейді, оны қалауыңызша сіз де өзгерте

аласыз.

1. Су құбыры кранын ашыңыз.

2. Қосу түймешесін басыңыз.

3. Есігін ашыңыз.

4. Заттарды кезекпен мөлшерден асырмай машина багына тығыздамай бос

етіп салыңыз.

5. Есігін жабыңыз.

6. Бөліктерге сəйкес келетін кір жуу құралын, кір жууға арналған

кондиционер мен алдын ала арнайы арналған бөліктеріне салыңыз.

Алдын ала кір жуу режимі «Мақта», «Синтетика», «Джинсы», «Спорт»,

«Балалар киімі», «Қара киімдер» жəне «Күнделікті» бағдарламалары

таңдалса ғана қосылады. Алдын ала кір жуу заттар өте кір болса

ғана қолданылады.

7. Мата түріне сəйкес қажет циклді таңдау үшін цикл ауыстырғышты

пайдаланыңыз: «Мақта», «Синтетика», «Джинсы», «Спорт», «Жүн жуу»,

«Қолмен жуу», «Балалар киімі», «Күнделікті» жəне «Жедел 29 мин.».

Басқару панелінде сəйкес индикаторлар жанып тұрады.

8. Енді сəйкес түймешелердің көмегімен кір жуу температурасын, шаю

санын, сығудың айналым саны мен кейінге қалдыру уақытын таңдауға

болады.

9. Қосу/Тоқтатып қою түймешесін басыңыз, кір жуу басталады. Кір

жуу индикаторы жанып, дисплейде кір жуу циклінің қалған уақыты

көрсетіледі.

Тоқтатып қою қызметі
Кір жуу басталғаннан кейін 5 минут ішінде кірді қосуға немесе

азайтуға болады.

1. Есікті бұғаттау үшін Қосу/Тоқтатып түймешесін басыңыз.

Егер су өте ЫСТЫҚ немесе су деңгейі өте ЖОҒАРЫ болса, есікті

ашуға болмайды.

2. Есігін жапқаннан кейін кір жууды жалғастыру үшін Қосу/Тоқтатып қою

түймешесін басыңыз.

Кір жуу циклі аяқталды.

Кір жуу циклі толығымен аяқталғаннан кейін кір жуғыш машина қуаты

автоматты түрде өшеді.

1. Есігін ашыңыз.

2. Кірді шығарыңыз.

WF8592FF-02610L-04_KK.indd 25

2011-5-2 11:05:10

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: