Ақаулықтарды жою – Инструкция по эксплуатации Samsung RSG5FURS

Страница 119

Advertising
background image

ақаулықтарды жою _19

03

АҚАУЛЫҚТАРДЫ

ЖОЮ

Ақаулықтарды жою

Қиындық

Шешімі

Тоңазытқыш жұмыс істемейді
немесе азық- түлікті нашар
суытады.

• Желі шнурының айыры розеткаға дұрыс сұғылғандығын тексеріңіз.
• Дисплей панелінде дұрыс температура қойылды ма?

Барынша төмен температураға қоюға тырысыңыз.

• Тоңазытқышқа күн сəулесі тікелей түспей ме жəне жанында жылу көздері жоқ па?
• Тоңазытқыштың артқы жағы ауа алмасуына кедергі келтіретіндей қабырғаға

тым тақап қойылған жоқ па?

Тоңазыту камерасындағы
азық-түліктер үсіп кетті.

• Дисплей панелінде дұрыс температура қойылды ма?

Барынша жоғары температураға қоюға тырысыңыз.

• Бөлменің температурасы тым төмен емес пе?
• Сіз тоңазыту камерасының ең суық бөлігіне сулы азық-түліктер қойған жоқсыз

ба? Бұл азық- түліктерді Cool Select Zone™ бөлімінен тоңазыту камерасының
негізгі бөлігіне ауыстырып көріңіз.

Ерекше шуыл мен дыбыстар
естіледі.

• Тоңазытқыштың түзетілгендігін жəне мықты еденге қойылғандығын тексеріңіз.
• Тоңазытқыштың артқы жағы ауа алмасуына кедергі келтіретіндей қабырғаға

тым тақап қойылған жоқ па?

• Сіз қандай да бір затты тоңазытқыштың артына немесе астына түсіріп алдыңыз ба?
• Тоңазытқыштың ішінен «шартылдаған» дыбыс естілуі мүмкін, ол қалыпты жағдай.

Бұл дыбыс тоңазытқыштың ішіндегі əртүрлі жабдығының температураның өзгеруіне
байланысты ұлғайып немесе сығылуына байланысты шығады.

Тоңазытқыштың алдыңғы
бұрыштары ысып кетеді; ол
жерде су тамшылары пайда
болады.

• Бұл жерлердің аздап қызуы қалыпты жағдай болып табылады, себебі

тоңазытқыштың алдыңғы бұрыштарында қызып ылғалдың тамшыға айналуының
алдын алатын түтіктер орнатылған.

• Тоңазыту камерасының есігі ашық қалған жоқ па? Су тамшылары

тоңазытқыштың есігі ұзақ ашық тұрған жағдайда булануы мүмкін.

• Көкөніс сақтаған кезде тартпада су конденсаты пайда болуы мүмкін, бірақ ол

уақыт өте келе өздігінен жойылып кетеді.

Мұз диспенсері істемейді.

• Тоңазытқышты қосқаннан кейін мұз дайын болу үшін 12 сағат өтті ме?
• Тоңазытқыш су құбырына қосылған ба жəне су тежегіш вентиль ашылған ба?
• Автоматты түрде мұз дайындау жүйесін сөндіріп тастаған жоқсыз ба?

Ice түймешесінің көмегімен Cubed (текше) немесе Crusched (уатылған) мұз
түріне қойылған ба?

• Қатып қалған мұз мұз сақтау контейнерін бұғаттап тастаған жоқ па?
• Мұздату камерасында тым жоғары температура қойылмаған ба? Барынша төмен

температураға қоюға тырысыңыз.

Тоңазытқыштың ішіндегі
сұйықтықтың бүлкілдеуі.

• Бұл қалыпты жағдай. Ол тоңазытқыш ішіндегі алмасу кезінде хладагенттен

туындайды.

Тоңазытқыштың ішінен
жағымсыз иіс шығады

• Қандай да бір азық-түлігіңіз бұзылып кеткен жоқ па?
• Иісі шығатын азық-түлікті мықтап ораңыз (мысалы, балықты).
• Тоңазытқышты ұдайы тазалап тұрыңыз жəне кез- келген бұзылған азық-түлікті

немесе уақыты өткен азық-түліктерді лақтырып тастаңыз.

Мұздату камерасының
қабырғасы қырауланып
қалады.

• Ауа шығатын тесік бір нəрсемен жабылып қалмаған ба? Ауа дұрыс алмасуы

үшін кедергі болып тұрған заттарды алып тастаңыз.

• Ауаның тиімді алмасуын қамтамасыз ету үшін азық-түліктер арасынан орын

қалдырыңыз.

• Мұздату камерасының есігі дұрыс жабылған ба?

Құрылған су жіберу
жүйесінен су келмейді.

• Су жіберетін вентиль жабық тұрған жоқ па жəне су жіберу түтігі суырылып

қалмаған ба?

• Су жіберу түтігі қысылып немесе майысып қалмаған ба? Түтік қысылмағандығына

жəне су ағысына еш нəрсе кедергі келтірмейтіндігіне көз жеткізіңіз.

• Тоңазыту камерасындағы төмен температурадан суық су сақтайтын ыдыстағы

су қатып қалмаған ба? Басқару панеліндегі түймеше арқылы барынша жоғары
температура қойып көріңіз.

DA99-01745H-27.indb 19

DA99-01745H-27.indb 19

14. 1. 20.

11:33

14. 1. 20.

11:33

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: