Қатерлі қауіпті ескерту белгілері – Инструкция по эксплуатации Samsung RSG5FURS

Страница 103

Advertising
background image

Қауіпсіздік тexникacы бoйынша нұсқaулық _03

тəжірибесі жоқ жəне сауатсыз тұлғалар немесе
олардың əрекеттерін қауіпсіздікке жауап беретін
адам бақыламаса немесе құрылғыны пайдалануға
қатысты нұсқаулықтан хабарсыз болған жағдайда
бұл құрылғыны олардың пайдалануына жол жоқ.

• Балалар тоңазытқышпен ойнамас үшін оларды

қараусыз қалдырмаңыз.

ҚАТЕРЛІ ҚАУІПТІ ЕСКЕРТУ
БЕЛГІЛЕРІ

• Тоңазытқышты ылғалды немесе су тиетін

орынға орнатпаңыз.

-

Тоңазытқыштың электрлі бөліктерінің
оқшаулағыштарының нашарлауы электр тоғының
соғуына немесе өртке əкеліп соғады.

• Тоңазытқышты күн сəулесі тікелей түсетін

немесе ас үй пешінен, жылыту құралдарынан
жəне басқа да құрал-жабдықтардан жылу
тарайтын жерлерге орнатпаңыз.

• Бір розеткаға бірнеше электр құралдарын қоспаңыз.

Тоңазытқышты əрқашанда оның құжаттық кестесінде көрсетілген
кернеуге сəйкес келетін номиналды кернеуіне есептелген
ауыстырмалы тоқ желісінің жеке розеткасына қосу қажет.

-

Бұл тоңазытқыштың ары қарай жақсы жұмыс
істеуін қамтамасыз етеді, сонымен қатар үйдегі
электр сымдарына күш түсіп, қатты қызуынан
өртке əкеліп соғатын жағдайлардың алдын алады.

• Тоңазытқыштың артқы қабырғасымен оқшаулық

айырдың қысылып қалмағандығына жəне
зақымданбағандығына көз жеткізіңіз.

• Желі шнурын қатты бүкпеңіз жəне оның үстіне

ауыр заттар қоймаңыз.

-

Ол тұтанып кетуі мүмкін.

• Егер желі шнурының ажыратқышы тозып кетсе немесе

басқа да зақымданулар алса, онда шнурды жөндеу немесе
ауыстыру үшін дереу Samsung Electronics компаниясының
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

• Механикалық зақымданулары бар желі

шнурын пайдаланбаңыз (жарықшақтар немесе
оқшаулығының бұзылуы).

• Егер желі шнуры зақымданған болса, оны ауыстыру

үшін дереу Samsung Electronics компаниясының
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

• Тоңазытқыштың орнын ауыстыруда желі шнурын

тоңазытқыштың дөңгелегімен басып кетпеңіз.

• Желі шнурының айырын розеткаға су

қолдарыңызбен сұқпаңыз.

• Тоңазытқышты тазаламас бұрын немесе жөндеудің

алдында желі шнурының ажыратқыш айырын
розеткадан суырыңыз.

• Ажыратқыш айырды тазалауда ешқашан дымқыл

шүберек қолданбаңыз.

• Ажыратқыш айырдың метал бөліктерінің үстін

шаң немесе басқа да заттардан тазалап отырыңыз.

-

Ластанған айырды қолдану өртке əкеліп соғуы мүмкін.

НАЗАР

АУДАРЫҢЫЗ

• Егер тоңазытқыш розеткадан ажыратылған болса,

айырды қайтадан розеткаға тығу үшін кем дегенде
он минуттай күту қажет.

• Егер электр розеткасының тесіктері «кеңіп кетсе»,

оған желі шнурының айырын сұқпаңыз.

-

Ол электр тоғының соғуына немесе өртке əкелуі мүмкін.

• Тоңазытқыш орнатылғаннан кейін желі шнурының

айыры қолжетерлік жерде тұруы қажет.

• Тоңазытқыштың шнурын міндетті түрде

жерге қосыңыз.

- Электр қуатының жойылуының немесе

осындай жойылулар нəтижесінде туындайтын
тоқ соғуының алдын алу үшін тоңазытқышты
жермен дұрыс байланыстыру қажет.

• Жерге байланыстыру үшін найзағай түсетін

газ құбырларын, телефон желілерін немесе
басқа да инженерлік коммуникацияларды
ешқашан пайдаланбаңыз.

• Жерге дұрыс байланыстырмау электр тоғының

соғуына алып келуі мүмкін.

• Тоңазытқышты өздігіңізден бөлшектемеңіз жəне жөндемеңіз.

- Бұл өртке, тоңазытқыштың бұзылуына жəне/

немесе жарақат алуға əкелуі мүмкін.

• Егер тоңазытқыш жұмыс істеп тұрғанда біртүрлі иісті

немесе түтінді сезсеңіз, онда желі шнурының айырын
дереу ажыратыңыз жəне Samsung компаниясының
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

• Тоңазытқыштың корпусындағы немесе құрастырылу

бөлшектеріндегі желдеткіш тесіктерін жаппаңыз.

• Мұздату үрдісін жеделдету үшін тоңазытқышты

дайындаушы ұсынған құралдардан басқа механикалық
құрылғыларды немесе басқа да құралдарды қолданбаңыз.

• Хладагенттің айналу контурын зақымданудан қорғаңыз.
• Тоңазыту/мұздату камерасының ішінде

дайындаушы ұсынғаннан басқа ешқандай электр
құралдарын пайдаланбаңыз.

• Жарықтандыру шамын ауыстырмас бұрын желі

шнурының айырын розеткадан ажыратыңыз.

• Егер шамды ауыстыру барысында қиындықтар

туындаса Samsung компаниясының қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.

• Балалар немесе жасы ұлғайған адамдар біреудің

қарауынсыз тоңазытқышты пайдаланбауы керек.

• Балалардың тоңазытқышпен ойнамауын бақылаңыз.
• Балаларыңызға тоңазытқыштың есігіне асылуға

рұқсат бермеңіз. Олар қатерлі жарақат алуы мүмкін.

• Мұздату камерасының ішкі қабырғаларын

немесе осы камерада жатқан азық-түліктерді су
қолыңызбен ұстамаңыз.

- Қолыңыздың терісі оларға жабысып қалуы мүмкін.
• Егер сіз тоңазытқышты ұзақ уақыт бойы

пайдаланбайтын болсаңыз, желі шнурының
айырын розеткадан ажыратыңыз.

- Электр оқшаулығының нашарлауы өртке əкеліп

соғуы мүмкін.

DA99-01745H-27.indb 03

DA99-01745H-27.indb 03

14. 1. 20.

11:33

14. 1. 20.

11:33

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: