Тоңазытқыштың деңгейін реттеу, Есіктерге сәл ғана өзгеріс енгізу, Тоңазытқыш параметрлерін орнату – Инструкция по эксплуатации Samsung RS844CRPC5H

Страница 42

Advertising
background image

08_

параметрлерді орнату

ТОҢАЗЫТҚЫШТЫҢ ДЕҢГЕЙІН РЕТТЕУ

Есіктерді тоңазытқышқа қайта орнатқаннан кейін,
соңғы реттеулерді жүзеге асыру үшін оның
деңгейінің дұрыс қойылғанына көз жеткізгіңіз
келеді. Егер тоңазытқыштың деңгейі дұрыс
қойылмаса, есіктер мінсіз біркелкі орналаспайды.

Мұздатқыш бөлік тоңазытқыш бөліктен
төмен орналасқан кезде.

Мұздатқыштың тірегіндегі саңылауға жалпақ
жүзді бұранда бұрағышты сұғыңыз да, сағат тілінің
бағытымен бұраңыз.

Тоңазытқыш бөлік мұздатқыш бөліктен
төмен орналасқан кезде.

Тоңазытқыштың тірегіндегі саңылауға жалпақ
жүзді бұранда бұрағышты сұғыңыз да, сағат тілінің
бағытымен бұраңыз.

Есіктерге сәл ғана өзгеріс енгізудің ең
тиімді жолдарын келесі бөлімнен қараңыз.

ЕСІКТЕРГЕ СӘЛ ҒАНА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ

Тоңазытқыштың деңгейін, есіктерді мінсіз біркелкі
етіп орнату үшін қажет екенін есте ұстаңыз.
Егер көмек қажет болса, алдыңғы тараулардағы
тоңазытқыштың деңгейін реттеу туралы
мағлұматты қараңыз.

Тоңазытқыштың есігі мұздатқыштан
жоғары болған кезде

Мұздатқыштың тірегіндегі саңылауға жалпақ
жүзді бұранда бұрағышты сұғып, сағат тілінің
бағытымен бұраңыз.

Мұздатқыштың есігі тоңазытқыштан
жоғары болған кезде

Тоңазытқыштың тірегіндегі саңылауға жалпақ
жүзді бұранда бұрағышты сұғып, сағат тілінің
бағытымен бұраңыз.

ТОҢАЗЫТҚЫШ
ПАРАМЕТРЛЕРІН ОРНАТУ

Жаңа тоңазытқышыңызды орнына орнатып
болғаннан кейін, құрылғының параметрлерін
орнатып, барлық мүмкіндіктері мен функцияларын
рахаттана қолдана беруіңізге болады. Келесі
қадамдарды орындап, тоңазытқышты толық
іске қосуға дайын етуге болады. Бұндай жағдай
орын алмаса, әуелі электр қуатының бар-жоғын
тексеріңіз немесе осы пайдаланушы нұсқаулығының
артындағы ақаулықты түзету тарауын қараңыз.
Басқа сұрағыңыз бар болса, Samsung Electronics
байланыс орталығына хабарласыңыз.

Тоңазытқышты тоңазытқыш пен қабырғаның

1.

арасына жеткілікті орын қалдыра отырып, сай
келетін жерге орнатыңыз. Осы нұсқаулықтағы
орнату бойынша нұсқауларды қараңыз.
Тоңазытқышты тоққа қосқаннан кейін,

2.

есіктерді ашқан кезде ішкі шамның жанатынын
тексеріңіз.
Температура тетігін ең суық температураға

3.

қойып, бір сағат күтіңіз.
Тоңазытқыш сәл суып, қозғалтқыш біркелкі
жұмыс істейді.
Тоңазытқышты тоққа қосқаннан кейін, тиісті

4.

температураға жету үшін бірнеше сағат қажет
болады. Тоңазытқыштың температурасы
жеткілікті түрде суығаннан кейін, тағамдар мен
сусындарды тоңазытқышта сақтауға болады.

Тоңазытқыштың

Тоңазытқыштың

тірегі

тірегі

Бұранда бұрағыш(-)

Бұранда бұрағыш(-)

Мұздатқыштың

Мұздатқыштың

тірегі

тірегі

Бұранда бұрағыш(-)

Бұранда бұрағыш(-)

DA99-03327P(0.0).indb 08

DA99-03327P(0.0).indb 08

2012.1.30 11:54:37 AM

2012.1.30 11:54:37 AM

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: