Қауіпсіздік туралы ақпарат – Инструкция по эксплуатации Samsung RS844CRPC5H

Страница 36

Advertising
background image

02_

Қауіпсіздік туралы ақпарат

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Құрылғыны іске қосар алдында, осы

нұсқаулықты мұқият оқып шығып, кейін
қарап жүру үшін сақтап қойыңыз.

Себебі төменде көрсетілген құрылғыны іске қосу

нұсқауларында әр түрлі үлгілер қамтылғандықтан,
сіздің тоңазытқышыңыздың техникалық
сипаттамасы, осы нұсқаулықта көрсетілген
құрылғылардан сәл өзгеше болуы мүмкін.

НҰСҚАУЛЫҚТА ҚОЛДАНЫЛҒАН
АБАЙЛАҢЫЗ/ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ

ЕСКЕРТУ

Өлім қатері немесе ауыр жарақат алу қаупі
барын көрсетеді.

АБАЙЛАҢЫЗ

Адам жарақат алуы немесе мүлікке зиян келуі
мүмкін екендігін ескертеді.

Істеуге БОЛМАЙТЫН әрекетті көрсетеді.

Бөлшектеуге БОЛМАЙТЫН затты көрсетеді.

Қол тигізуге БОЛМАЙТЫН нәрсені көрсетеді.

Орындауға тиіс нұсқауды көрсетеді.

Ашаны розеткадан суыру қажет екенін көрсетеді.

Электр тоғының қатерін болдырмас үшін
жерге қосу қажет екенін көрсетеді.
Мына белгі қызмет көрсету технигі іске
асыратын жұмыстарды көрсетеді.

Бұл ескерту белгілері сіз немесе басқа адамдар
жарақаттанып қалуға жол бермеу үшін қажет.
Бұларды мұқият орындаңыз. Осы бөлімді оқып
болғаннан кейін, келешекте қарап жүру үшін
сенімді жерге сақтап қойыңыз.

CE Ескерімі

Бұл өнімнің Еуропалық одақтың (EО) №643/2009 ережесі
бойынша қабылданған Төмен кернеу стандартына
(2006/95/EC), Электрмагнитті сыйысымдылық
стандартына (2004/108/EC) және Эко-дизайн стандартына
(2009/125/EC) сәйкестігі анықталған.

Киото протоколында қамтылған фторланған

жылыжай газы бар. Герметикалық жолмен
тұмшаланған жүйе. Газды атмосфераға шығармаңыз.
Салқындатқыштың түрі: R-134a / Мөлшері: 0.19кг /
Ғаламдық жылынуға тигізетін әсері (GWP) = 1300
Фтор қосылған жылыжай газымен бірге шыққан

көпіршік.

Бұл тоңазытқышты қолданар алдында,

нұсқауларға сай орнатып, дұрыс жерге
орналастыру керек.
Құрылғыны тек осы пайдаланушы нұсқаулығында

көрсетілген мақсатта ғана қолданыңыз.
Кез келген жөндеу жұмысын тек білікті маман

орындауға тиіс екенін қатаң түрде ұсынамыз.
Тоңазытқыш сұйық ретінде R600a не R134a

қолдануға болады. Тоңазытқышта қолданылған
тоңазытқыш сұйық түрін, құрылғының
артындағы компрессордың жапсырмасынан
немесе тоңазытқыштың ішіндегі техникалық
ақпарат тақтайшасынан қараңыз.

Егер R600a сұйығы қолданылса, бұл газ

қоршаған ортаға залалсыз табиғи газ болып
есептелсе де тұтанғыш келеді. Құрылғыны
тасымалдау және орнату барысында,
тоңазытқыш жүйенің ешбір бөлігіне
нұқсан келмес үшін өте абайлау керек.

Тоңазытқыш сұйық түтіктерден атқыласа,

тұтануы немесе көзге зақым келтіруі мүмкін.
Егер сұйық аққанын байқасаңыз, ашық от
көзінен немесе басқа да тұтандыруы мүмкін
заттардан алыс ұстаңыз да, құрылғы тұрған
бөлмені бірнеше минут желдетіңіз.

Тоңазытқыш сұйық аққан жағдайда

газ бен ауа аралас тұтанғыш қоспа
пайда болмас үшін, құрылғы тұратын
бөлменің кеңдігі, тоңазытқыш сұйықтың
мөлшеріне байланысты анықталады.

Қандай да бір жері бүлінген құрылғыны

ешқашан іске қоспаңыз. Егер күмәндансаңыз,
дилерге хабарласып кеңес алыңыз.
Бөлменің ауданы R600a тоңазытқыш

сұйығының әрбір 8 грамына 1m³ болуға тиіс.
Құрылғыңыздағы тоңазытқыш сұйықтың

мөлшері, құрылғының ішіндегі техникалық
параметр тақтайшасында көрсетілген.
Осы құрылғының орам материалдарын

қоршаған ортаға зиян келтірмейтін етіп тастау
керек.
Тоңазытқыштың ішкі шамын ауыстырар

алдында ашаны розеткадан суырыңыз.
Себебі, электр тоғына түсу қатері бар.

-

Бұл құрылғы кембағал, сезім мүкістігі бар

немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану
тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар

Қауіпсіздік туралы ақпарат

ЕСКЕРТУ

ЕСКЕРТУ

DA99-03327P(0.0).indb 02

DA99-03327P(0.0).indb 02

2012.1.30 11:54:25 AM

2012.1.30 11:54:25 AM

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: