Кепілдік және қызмет көрсету, Ақау коды және қауіпсіздік – Инструкция по эксплуатации Samsung BF641FGB

Страница 58

Advertising
background image

18

KK

Кепілдік және қызмет көрсету

Ақаулықты түзету және жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Тұмшапеш қызбаса, не істеу керек?

Келесі амалдардың бірін қолданып, мәселені шешуге тырысып көріңіз:

● Тұмшапеш қуат көзіне қосылмаған болуы мүмкін. Тұмшапешті қосыңыз.

● Сағат орнатылмаған болуы мүмкін. Уақытты орнатыңыз (“Уақытты орнату” бөлімін қараңыз).

● Қажетті параметрлердің барлығы орнатылды ма, тексеріңіз.

● Үйдегі балқымалы сақтандырғыш жанып кетуі немесе автоматты айырып-қосқыш іске

қосылуы мүмкін. Автоматты айырып-қосқышты қосыңыз немесе балқымалы сақтандырғышты

ауыстырыңыз. Егер бұл жағдай қайталанса, білікті электр маманын шақырыңыз.

● Тұмшапештің қуаты өзі қуат алып тұрған электр жүйесіндегі кернеуге тура байланысты.

Үйіңіздегі электр қуатымен жабдықтау жүйесінің кернеуін жүктемесі бар кезде тексеруді ұсынамыз.

Тұмшапешті қуат көзіне қосқанда желідегі кернеу азаюы мүмкін, бұл жағдай пәтеріңіздегі

электр қуатымен жабдықтау жүйесінің осы тұмшапеш пайдаланатын қуатты қарастырмағанына

байланысты туындайды.

● Кернеудің "азаюы" мәселесі туындағанда (егер қуатты электр құрылғылары қатар жұмыс істесе),

онда тұмшапешті электр қалқанына жеке қосу жағдайын қарастыруды ұсынамыз. Бұндай қосылым

16 А аз емес токқа есептеліп, жеке айырып-қосқышпен қорғалуы қажет. Барлық іске қосылған

электр құрылғылар пайдаланатын қуаттың жалпы қосындысы, электр қалқаны көтере алатын қуат

жүктемесіне сай екеніне көз жеткізіңіз.

Тұмшапештің функциясы мен температурасы орнатылып тұрса да, тұмшапеш қызбаса не

істеу керек?

Ішкі электр қосылымдарында ақау пайда болуы мүмкін. Жергілікті жердегі қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.

Ақау коды пайда болып, тұмшапеш қызбаса не істеу керек?

Ішкі электр қосылымдарында ақау пайда болды. Жергілікті жердегі қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.

Дисплейдегі уақыт жыпылықтап тұрса не істеу керек?

Электр қуатымен жабдықтау жүйесінде ақау пайда болды. Уақытты орнатыңыз (“Уақытты орнату”

бөлімін қараңыз).

Тұмшапештің жарықтамасы жанбаса не істеу керек?

Тұмшапештің жарықтама шамы жанып кеткен. Шамды айырбастаңыз.

Тұмшапештің желдеткіш жұмыс істейтін режимі орнатылмаса да, желдеткіш қосылып

тұрса не істеу керек?

Тұмшапешті қолданғаннан кейін желдеткіш пеш суығанша жұмыс істейді. Тұмшапеш суығаннан кейін

де желдеткіш жұмыс істеуін жалғастырса, жергілікті жердегі қызмет көрсету орталығына қоңырау

шалыңыз.

Ақау коды және қауіпсіздік

Ақау коды

және

қауіпсіздік

Жалпы функциялары

Шешімі

E-

**

1)

-SE-

Тұмшапештің жұмысындағы ақаулар

жұмыс тиімділігін төмендетуі және

қауіпсіздікке қатысты мәселелерге әкелуі

мүмкін. Тұмшапешті пайдалануды дереу

тоқтатыңыз.

Жергілікті жердегі SAMSUNG

қызмет көрсету орталығына

қоңырау шалыңыз.

S-01

ҚАУІПСІЗ ТҮРДЕ СӨНДІРУ РЕЖИМІ ІСКЕ

ҚОСЫЛДЫ

Тұмшапеш қойылған температурада ұзақ

уақыт бойы жұмыс істеді.

Тұмшапешті сөндіріп, тағамды

алыңыз. Тұмшапешті әрі қарай

пайдалану алдында суытып

алыңыз.

----

Егер осы режим үшін қажетті температураны

таңдамасаңыз.

Осы режим үшін қажет

температураның мәнін дұрыс

таңдаңыз. ("жылдам қыздыру

режимін пайдалану" бөлімін

қараңыз)

1)

*

жұлдызшалар кез келген сандар мен әріптердің орнына қолданылады.

BF3N,BF641 Series_BWT_DG68-00263A-10_KK.indd 18

2014-07-16 3:28:15

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: