Сақтық шаралары (жалғасы) – Инструкция по эксплуатации Samsung BF641FGB

Страница 46

Advertising
background image

6

KK

Сақтық шаралары (жалғасы)

ЕСКЕРТУ

● Тасымалдау барысында пешке нұқсан келсе, оны желіге қоспаңыз.
● Құрылғыны электр желісіне тек уәкілетті электр маманы ғана қосуға тиіс.
● Құрылғыда ақау пайда болса немесе оған нұқсан келсе, іске қосуға әрекеттенбеңіз.
● Жөндеу жұмыстарын тек уәкілетті техник ғана орындауға тиіс. Жөндеу жұмысы

дұрыс орындалмаса, өзіңізге немесе басқаларға қатерлі болуы мүмкін. Егер пешіңізді

жөндеткіңіз келсе, SAMSUNG қызмет көрсету орталығына немесе дилеріңізге

хабарласыңыз.

● Электр сымдары мен кабельдерін пешке тигізбеу керек.
● Пешті электр желісіне қолдануға рұқсат етілген айырып-қосқыш немесе сақтандырғыш

арқылы жалғау керек. Көп бағытты адаптерді немесе ұзартқыш сымды ешқашан

қолданбаңыз.

● Құрылғыны жөндеу немесе тазалау қажет болса, міндетті түрді тоқ көзінен

ажыратыңыз.

● Пештің қасында орналасқан розеткаға электр құрылғыларын жалғаған кезде абай

болыңыз.

● Егер құрылғының бумен пісіретін функциясы бар болса, сумен жабдықтайтын

түтікшеге нұқсан келген жағдайда құрылғыны іске пайдаланбаңыз. (Бу функциясы бар

үлгіге ғана қатысты)

● Су құятын түтікшеге сызат түссе не сынса, оны қолданбаңыз, жақын қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз. (Бу функциясы бар үлгіге ғана қатысты)

● Бұл пеш тек үйде тағам пісіруге ғана арналып жасалған.
● Пеш іске қосылып тұрғанда, оның ішкі беті күйгізіп жіберерліктей ысып тұрады. Пештің

қыздырғыш элементтеріне немесе ішкі бетіне салқындағанша қол тигізуге болмайды.

● Пештің ішіне ешқашан тұтанғыш зат салып сақтауға болмайды.
● Құрылғы ұзақ уақыт жоғары температурада жұмыс істеген кезде, оның беті қызып

тұрады.

● Тағам пісіру барысында есікті абайлап ашыңыз, себебі ыстық ауа және бу кенет

шығып кетуі мүмкін.

● Құрамына алкоголь қосылған тағамды пісірген кезде, алкоголь жоғары температурада

буланып ұшып, егер пештің ыстық бөлшегіне тисе өрт шығуы мүмкін.

● Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін, жоғары қысымдағы су бүріккіш немесе бумен

тазалайтын құралдарды қолданбаңыз.

● Пеш іске қосылып тұрған кезде, балаларды қауіпсіз жерде алыс ұстау керек.
● Пицца тәрізді мұздатылған тағамды үлкен торға салып пісіру керек. Егер пісіру

науасын қолдансаңыз, температураның айырмашылығының тым көп болғандығына

байланысты деформацияланып қалуы мүмкін.

● Ыстық тұрған пештің табанына су құймаңыз. Себебі эмаль қаптама бүлінуі мүмкін.
● Тағам пісіру барысында пештің есігі жабық тұруға тиіс.
● Пештің табанын алюминий фольгамен қаптамаңыз және оған пісіру науасын немесе

қалбырын қоюға болмайды. Алюминий фольга қызудың шығуына бөгет жасап,

нәтижесінде эмаль қаптама бүлінуі және тағам дұрыс піспей қалуы мүмкін.

BF3N,BF641 Series_BWT_DG68-00263A-10_KK.indd 6

2014-07-16 3:28:11

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: