Тоңазытқышты орнату, Есікті аударып салу (қосымша) – Инструкция по эксплуатации Samsung RB32FERNCSS

Страница 80

Advertising
background image

18_

орнату

ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ОРНАТУ

Тоңазытқышты орналастырып алған соң,

құрылғыны іске қосып, барлық ерекшеліктерінің

қызығын көруіңізге болады.

Келесі қадамдарды аяқтаған соң, тоңазытқыш

толығымен жұмыс істеуі қажет.

Егер олай болмаса, алдымен қуат көзін тексеріңіз,

одан кейін осы қолданушы нұсқаулығының

ақаулықтар бөлімін қараңыз.

Егер ақаулық шешілмесе, Samsung Electronics

қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

1. Тоңазытқышты дұрыс жерге және қабырғадан

қашығырақ қойыңыз.

Осы нұсқаулықтың орнату нұсқауларын

қараңыз.

2. Тоңазытқышты қуат көзіне жалғаған соң,

есігін ашқанда, ішкі шамдарының жануын

қадағалаңыз.

3. Температураны ең суық деңгейге қойып, бір

сағат күтіңіз.

Мұздатқыш аздап тоңазып, моторы бір

қалыпты жүруі тиіс.

4. Тоңазытқыш қосылған соң, қажетті

температураға жеткенше бірнеше сағат уақыт

қажет болады.

Тоңазытқыштың температурасы қажетті

деңгейде суығанда, тағам және сусындарды

қоюыңызға болады.

Тоңазытқышты қосқан соң, дыбыс

белгісі беріледі. Freeze (мұздату) немесе

Fridge (тоңазыту) түймесін басыңыз.

(Суықтығын таңдау аймағы бар үлгілер

үшін ғана)

23-беттегі “Басқару панелін қолдану”

бөлімін қараңыз.

ЕСІКТІ АУДАРЫП САЛУ

(ҚОСЫМША)

Тоңазытқыштың есігін аударып салмастан бұрын,

тоңазытқышты ток көзінен ажыратыңыз. Samsung

есікті аударып салуды тек қана Samsung құптаған

қызмет көрсетушілердің іске асыруын талап етеді.

Бұл жұмыс ақылы және тұтынушы өзі төлейді.

Есікті өздігінен аударып салуға әрекеттену

барысында болған бұзылуларға өндіруші

кепілдік бермейді.

Бұл жағдайға қатысты жөндеулердің

құнын тұтынушы өзі төлейді.

1. Тоңазытқыштың есіктерін аударып салмас

бұрын тоңазытқыштың ток көзінен

ажыратылғанына және құрылғының іші барлық

тағамнан босатылғанына көз жеткізіңіз.

2. Егер тұтынушы пайдалану нұсқаулықтарын

орындау қолынан келетінінне сенімсіз

болса, бұл өзгерісті енгізу үшін Samsung

компаниясының білікті инженеріне хабарласу

керек.

3. Есіктерін аударып салу аяқталған соң

тоңазытқышты ток көзіне қоспай, кемінде бір

сағат күтіңіз.

Қажетті құралдар

Ұсынылмаған

Phillips басы

үшкір бұрағыш

(+)

Басы жалпақ

бұрағыш (-)

11 мм кілт (топса

білігіне арналған)

Ұсынылмаған

Қосымша бөлігі

8 мм гайка кілті

(болттарға

арналған)

Топса жаппасы /

Саптама қақпақшасы

DA68-02833R-10.indb 18

2013. 12. 12. �� 9:55

Advertising