Инструкция по эксплуатации Samsung BQ1N4B024

Страница 77

Advertising
background image

Казақ - 13

Май жинайтын таба (опция)

Май жинайтын (терең) табаны, тағам қуыру үшін қолданса да

болады. Бұны тағамның сұйығы пештің түбіне тамшыламас үшін

кішкене тормен бірге қолдануға болады.

Пісіру науасы (опция)

Пісіру науасын (жалпақ) торт, печенье және басқа кондитер да

өнімдерін дайындау үшін қолдануға болады.

Гриль істігі (опция)

Гриль істігін тауық тәрізді құс етінен гриль жасау үшін қолдануға

болады. Гриль істігін тек бір режим бойынша пісіру үшін 3-ші

деңгейге қойып қолдану керек, себебі істік артқы панельдегі

бейімдеуішке бекітіліп тұруы керек. Тағам пісірген кезде істіктің қара

сабы алынып тұруға тиіс.
Гриль-бар және шашлыққа арналған істік (опция)

Қолдану үшін :

Тағамның сөлін жинау үшін терең науаны (таған қолданылмайды)

1-ші деңгейге қойыңыз немесе қуырылатын ет тым үлкен болса,

науаны пештің табанына қоюға болады.

Шанышқылардың бірін істікке қарай сырғытыңыз да, еттің

қуырылатын кесегін істікке шаншыңыз;

Ыстық суға батырылып алынған картоптар мен көкөністерді терең

науаның шетін жағалата қойып, бірге қуыруға болады.

Аспаны ортаңғы сөренің үстіне қойыңыз да, алдыңғы жағын “v”

қалпына келтіріп қойыңыз.

Істікті кіріктіріп орнату үшін, оның ұстағышын доғал ұштыққа

бекітіп қоюға болады.

Істіктің сүйір ұшын арт жаққа қаратып аспаның үстіне қойыңыз

да, істіктің ұшы пештің арт жағында орналасқан айналдырғыш

механизмге кірігіп орнағанша еппен итеріңіз. Істіктің доғал ұшы “v”

пішімінің үстіне қойылуы керек. (Істіктердің сонымен пештің есігіне

жақын орнатылатын, істік алға жылжып кетуге жол бермейтін екі

тетігі бар, бұл тетіктер сонымен қатар тұтқаның ұстағышы ретінде

де қолданылады.)

Тағам пісірер алдында ұстағышын ағытып алыңыз. Тағам пісіріп

болғаннан кейін, істікті аспадан ағытып алу үшін ұстағышты қайта

бұрап орнатыңыз.

Сырғытпа бағыттауыш (опция)

Торды, пісіру немесе қуыру науасын пешке салу үшін, алдымен

сырғытпа жолдарды тартып шығарып бір деңгейге қойыңыз.

Науаны немесе табаны бағыттағышқа қойып, пешке әбден

кіргенше итеріңіз. Пештің есігін сырғытпа бағыттағыштарды

пештің ішіне әбден итеріп кіргізгеннен кейін ғана жабыңыз.

Май сүзгісі (опция)

Пештің ішкі арт жағында орналасқан май сүзгісі желдеткішке,

дөңгелек қыздырғышқа және пешке қоқыс тұрудан, май

шашыраудан сақтайды. Ет пісірген кезде май сүзгісін қолдануды

ұсынамыз. Кондитер өнімдерін пісірген кезде май сүзгісін әрқашан

алып қойыңыз! Торт немесе тоқаш пісірген кезде сүзгі орнатылып

тұрса, пісіру нәтижесі әжептәуір нашар болады.

04 ПЕШТІҢ Б

А

СҚАР

У ТЕТІК

ТЕРІ

NV70F37,NV66F37,BQ1D,BQ1N,BTS14 Series_BWT_DG68-00382Q-04_KK.indd 13

2014-07-11 11:19:45

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: