Ақаулықтарды жою, Қа зақша – Инструкция по эксплуатации LG 47LW573S

Страница 63

Advertising
background image

19

АҚАУлыҚТАРДы ЖОЮ

АҚАУлыҚТАРДы ЖОЮ

Жалпы

Ақаулық

Ажыратымдылық

Теледидарды қашықтан басқару

құралымен басқару мүмкін емес.

y

Өнімдегі қашықтан басқару құралының сенсорын тексеріп, қайтадан көріңіз.

y

Өнім мен қашықтан басқару құралының арасында кедергінің жоқ екенін тексеріңіз.

y

Батареялардың жұмыс істеп тұрғанын және дұрыс орнатылғанын тексеріңіз (

жағын

жағына,

жағын

жағына).

y

ТД немесе VCR сияқты тиісті кіріс режимінің қашықтан басқару құралымен

қолдану үшін реттелгенін тексеріңіз.

Бейне көрсетілмейді және дыбыс

шықпайды.

y

Өнімнің қосылып тұрғанын тексеріңіз.

y

Қуат сымының розеткаға қосылғанын тексеріңіз.

y

Басқа өнімдерді жалғап, розетканың ақаулы емес екенін тексеріңіз.

Теледидарды қосқан кезде, бейне

баяу пайда болады.

y

Өнім іске қосылып жатқанда, бейненің дыбысы өшірулі болады. Бұл қалыпты

жағдай. Егер бейне бірнеше минут ішінде пайда болмаса, теледидарды 30

секундқа розеткадан аждыратып, қайта көріңіз. Бейне сонда да көрсетілмесе,

жергілікті өкілетті қызмет орталығына хабарласыңыз.

Сыртқы құрылғыларды жалғау мүмкін

емес.

y

«Байланыстарға жалпы шолу» бөлімін оқып, сыртқы құрылғыны жалғаңыз.

Теледидар кенет өшіп қалады.

y

Қуатты басқару параметрлерін тексеріңіз. Қуат көзі ажыратылуы мүмкін.

y

Уақыт параметрлерінде Автоматты ұйықтау мүмкіндігінің қосылып тұрғанын тексеріңіз.

«Автосөндіру таймері» бөлімін қараңыз.

y

Теледидар қосылып тұрғанда, сигнал болмаса, онда 15 минут әрекетсіздіктен

кейін, теледидар автоматты түрде өшеді.

Дыбыс

Ақаулық

Ажыратымдылық

Бейнелер көрсетілгенімен, дыбыс

шықпайды.

y

+ немесе - түймесін басыңыз.

y

MUTE («ДЫБЫСТЫ ӨШІРУ») түймесі басылғанда дыбыстың өшіріле ме, соны тексеріңіз.

y

Басқа арналарға жылжып барыңыз. Таратуда ақаулық болуы мүмкін.

y

Аудио кабельдердің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.

y

Мәзір параметрінде ТД үндеткіші мүмкіндігі іске қосылған ба, соны тексеріңіз.

Бір үндеткіштен дыбыс шықпайды

y

Мәзір опциясындағы «Баланс» параметрін реттеңіз.

ТД ішінен әдеттегіден тыс дыбыс

шығады.

y

Қоршаған орта ылғалдылығының немесе температураның өзгеруі өнімнің

қосылуы немесе өшірілуі кезінде әдеттен тыс шудың пайда болуына апаруы

мүмкін. Өніміңізде ақаулық жоқ.

Бейне

Ақаулық

Ажыратымдылық

Бейне қара және ақ түспен

көрсетіледі немесе түс сапасы

нашар.

y

Мәзір опциясы бөлімінде түс параметрін қалыпқа келтіріңіз.

y

Осы өнім мен басқа электронды өнімдердің арасында тиісті қашықтық болуы тиіс.

y

Басқа арналарға жылжып барыңыз. Таратуда ақаулық болуы мүмкін.

Көлденең немесе тік сызықтар пайда болады

немесе бейнелер анық көрсетілмейді.

y

Электр жабдығы немесе механикалық құрал секілді жергілікті кедергілердің бар-

жоғын тексеріңіз.

Бейнелерде сызықтар немесе

жолақтар пайда болады

y

Антеннаны тексеріңіз немесе антеннаны дұрыс бағытқа бұрыңыз.

Өнім өшірілгенде, қалдық бейнелер

(елестер) пайда болады.

y

Ұзақ уақыт бойы экранда қозғалыссыз тұрған бейненің әсерінен пиксельдер

зақымданған болуы мүмкін (бейненің ізі). Пиксельдің зақымдануына жол бермеу

үшін, экран сақтағышын пайдаланыңыз.

Электр қуаты қосылып тұрса да,

экран қап-қара болып көрінеді.

y

Түс ашықтығы мен контрастын мәзір опциясында қалыпқа келтіріңіз.

Экранда «Сигнал жоқ» жазуы пайда

болады.

y

Теледидар мен өнімдердің арасында сигналдық кабельдің дұрыс жалғанғанын

тексеріңіз.

y

INPUT («КІРІС») түймесін басып, таңдалған кіріс сигналын тексеріңіз.

Экранда қара дақтар пайда болады.

y

Экранда қызыл, жасыл, ақ немесе қара түсті бірнеше пиксель пайда болуы

мүмкін және бұл СКД панелінің сипаттарына қатысты орын алады.

Бұл қалыпты жағдай.

Дисплей дұрыс реттелмеген.

y

Позиция параметрін мәзір опциясында реттеңіз.

y

Өнімнің бейне карта ажыратымдылығы мен жиілігін қолдайтынын тексеріңіз.

Егер жиілік мөлшерден тыс болса, сыртқы құрылғыдағы дисплей параметрлерін

қолданып, ұсынылатын ажыратымдылықты орнатыңыз.

Экран фонында жіңішке сызықтар

пайда болады.

y

Бейне кабельдердің жалғанған жерлерін тексеріңіз.

Көлденең сызықтар пайда болады

немесе бейнелер бұлдырлайды.

y

Фаза параметрін мәзір опциясында реттеңіз.

«ЭКРАН» бөлімін қараңыз.

Кейбір арналарда сигнал нашар

қабылданады.

y

Басқа арналарға жылжып барыңыз. Таратуда ақаулық болуы мүмкін.

y

Станция сигналы әлсіз болуы мүмкін. Антеннаны дұрыс бағытқа бұрыңыз.

y

Электр жабдығы немесе механикалық құрал секілді жергілікті кедергілердің бар-

жоғын тексеріңіз.

ENG

Қа

зақша

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: