3d кескіндерді көру (тек 3d модельдер) абайлаңыз, Ескерту – Инструкция по эксплуатации LG 49LB628V

Страница 47

Advertising
background image

ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР 9

3D кескіндерді көру

(тек 3D модельдер)

АБАЙЛАҢЫЗ

Көру ортасы

• Көру уақыты

-3D мазмұнды көргенде, сағат сайын 5 - 15 минуттық үзілістер жасаңыз. 3D мазмұнды ұзақ уақыт бойы

көру бастың ауыруын, бас айналуын, қалжырауды немесе көзге жүктеме түсуін тудыруы мүмкін.

Фотосезгіштік ұстамасы немесе созылмалы ауруы бар адамдар

• 3D мазмұндағы жыпықтайтын жарықты көргенде, кейбір пайдаланушыларда ұстама немесе əдеттен тыс

белгілер болуы мүмкін.

• Құсқыңыз келсе, жүкті болсаңыз жəне/немесе эпилепсия, жүрек ауруы немесе қан тамыр ауруы, т.б. сияқты

созылмалы ауруыңыз болса, 3D бейнелерді көрмеңіз.

• 3D мазмұндар стерео соқырлыққа немесе стерео аномалиясына шалдыққан адамдарға ұсынылмайды. Қос кескіндерді

көру немесе көруде ыңғайсыздық пайда болуы мүмкін.

• Егер сізде страбизм (қылилық), амблиопия (нашар көру) немесе астигматизм босла, тереңдікті сезуде

мəселеңіз болуы мүмкін жəне қос кескіндерге байланысты қалжырауды сезуіңіз мүмкін. Орташа үлкендермен

салыстырғанда жиірек үзілістер жасау ұсынылады.

• Егер көру қабілетіңіз оң жəне сол көзіңізде əр түрлі болса, 3D мазмұнды көру алдында көру қабілетіңізді

тексертіңіз.

3D мазмұнды көруді тоқтатуды немесе одан ұстануды қажет ететін белгілер

• 3D мазмұнды ұйықтамаудан, тым көп жұмыс істегеннен немесе ішкеннен қалжырауды сезінгенде көрмеңіз.

• Осы белгілерді сезгенде, 3D мазмұнды пайдалануды/көруді тоқтатыңыз жəне белгі кеткенше жеткілікті

демалыңыз.

- Бұл белгілер кетпесе, дəрігерге қаралыңыз. Белгілер бас ауыруын, көздің алмасының ауыруын, бас айналуды,

жүрек айнуын, тез жүрек соғуын, бұлдырауды, ыңғайсыздықты, қос кескінді, көру ыңғайсыздығын немесе

қалжырауды қамтиды.

ЕСКЕРТУ

Көру ортасы

• Көру қашықтығы

- 3D пішіміндегі бейнелерді экран диагоналінің ұзындығынан екі еселік қашықтықта көруді ұсынамыз.

3D мазмұнды көргенде ыңғайсыздықты сезінсеңіз, теледидардан алыстау отырыңыз.

Көру жасы

• Сəбилер/балалар

- 6 жастан төмен балалар үшін 3D мазмұнды пайдалану/көруге тыйым салынады.
- 10-нан төмен жастағы балалар шамадан тыс жауап береді жəне тым əсерленеді, өйткені олардың көздері

жетілуде (мысалы: экранды түрту əрекеті немесе оған секіру əрекеті. 3D мазмұнды көріп отырған балаларға

ерекше назар аудару керек.

- Балалардың 3D көрсетілімдердегі бинокулярлық диспараттығы үлкендерден жоғарырақ, өйткені көздерінің

арасындағы қашықтық үлкендердікінен қысқарақ. Сондықтан олар бір 3D кескіні үшін үлкендермен

салыстырғанда көбірек стереоскопиялық тереңдікті алады.

ҚАЗАҚША

• Жасөспірімдер

- 19-дан төмен жасөспірімдер 3D мазмұндағы жарықтың əсерінен сезімталдықпен жауап беруі мүмкін. Оларға

шаршап тұрғанда 3D мазмұнды көруден ұстануға кеңес беріңіз.

• Қариялар

- Қариялар жастарға қарағанда азырақ 3D əсерін түйсінеді. Теледидарға ұсынылғаннан жақынырақ қашықтықта

отырмаңыз.

3D көзілдірігін қолдану кезіндегі ескертулер

• LG 3D көзілдірігін пайдаланыңыз. Əйтпесе, 3D бейнелерді тиісті түрде көрмеуіңіз мүмкін.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: